Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАСТЫ ТАЛАП — САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

БАСТЫ ТАЛАП — САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков орталықтағы «Сайрам» базары мен «Әділ» сауда үйін аралады. Ондағы мақсат — сауда-саттық барысында санитарлық талаптардың сақталуы мен азық-түлік бағаларының шектік бағадан аспауына көз жеткізу. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жұмыс барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, бетпердесіз сатушы, нан өнімдерін қаптамасыз сату, бағаны негізсіз өсіру жағдайлары белгілі болды.

Аудан басшысы аталған салаға жауапты орынбасары Б.Олжаевқа және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ә.Усипбековке мұндай кемшілікті болдырмауды ескертті.

— Ауданда маскалық режим қатаң сақталуы тиіс. Сонымен қатар май, ет, ұн өнімдерінің құны Түркістан облысы бойынша бекітілген шектік бағадан аспауына сіздер тікелей жауаптысыздар, — деген аудан әкімі осы бағыттағы жұмысты қатаң қадағалауды тапсырды.

Сондай-ақ, жұмыс барысында анықталған жайсыздықтарға байланысты бірқатар азаматтарға ескерту беріліп, айыппұл салынды.

Бұдан кейін жұмысшы топ орталықтағы дәріханаларды арлады. Мұндағы жағдай тұрақты. Дәріханаларда санитарлық талаптар сақталған, сатылымда медициналық бетперделер бекітілген бағада сатлуда. Тұтынушылар да бетпердемен жүр.

Еске сала кетейік, әлемде COVID-2019 індеті тарауына байланысты Қазақстан Республикасында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін Төтенше жағдай жарияланған болатын. Мемекет басшысы Қ.Тоқаев ірі мегаполистерде төтенше жағдай сәуір айының соңына дейін жалғасатынын айтқан болатын. Ал вирустан сақтану шаралары қай кезде де өзекті болып қалмақ.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу