Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков 2024-жылға жоспарланған көрсеткіштер мен салалар бойынша меженің орындалуын саралады. Қала әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салаларына қатысты мәліметтерді баяндап, есеп берді. Бөлім басшылары ашылатын жұмыс орындары, инвестиция тарту, өзіндік кіріс көлемін ұлғайту, өнеркәсіпті дамыту бойынша болжамды нәтижелерін ұсынды. Жиналыс барысында құрылыс пен жол саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тапсырмалар белгіленді. Сонымен қатар қалалық «1310» бірыңғай байланыс ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ТҮРКІСТАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ЖАҢА НЫСАНДАРДА ПЕТРОГЛИФТЕР БЕЙНЕЛЕНЕДІ
Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Өңір басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте салынып жатқан нысандардың сәулеті мен жаңа жобалар таныстырылды. Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Мәдени-рухани орталықта салынып жатқан жаңа нысандардың үлгілері талқыланды. Әкім Түркістан қаласында салынатын ғимараттардың туристерді баурап алатын ерекше үлгіде болуы керек екенін ескертті. Қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешендегі ...
Толығырақ »«ПАРАСАТ» САЯБАҒЫ — САЛАУАТТЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ
Саябақты жаңғырту жоспарына сәйкес, мұнда балалар алаңшасымен қатар жабық және ашық футбол алаңдары орналастырылады. Сонымен қатар, үлкен теннис ойнауға арналған алаң жасақталады. Қазіргі таңда жаяуларға арналған жол төселіп, суғару жүйелері орнатылуда. Жасыл алаңдардың орны тегістеліп, түнгі жарықшамдар қойылған. Нысанды маусым айында аяқтап тапсыру көзделген. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгінгі жұмыс күнін құрылыс нысандарын аралаудан бастады. Аралау барысында «Парасат» саябағына ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды «Белсенді демалыс» саябағына ағаш отырғызып, «Таза Қазақстан» шарасына қолдау білдірді. Жаңа акцияны қолдау жөнінде өз үндеуін жариялады. Экологиялық акцияға қатысқан жастармен жүздесіп, ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Түркістандық тұрғындар қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті. Республикалық акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет қоғамдық көлікпен облыс орталығындағы жұмыстарды бақылады. Жаңа қала ...
Толығырақ »ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ КӨПКЕ ОРТАҚ!
Түркістандық әмбебап шебер Есболат Сүйінбаев зергерлік бұйымдары мен қатар керамикадан түрлі дүниелер дайындайды. Әке жолын қуған өнер иесі бала кезінен бері зергерлік бұйымдарын жасауға қызыққан. Кейіннен бойындағы талантты дамыту үшін Т.Жургенов атындағы өнер академиясынан зергерлік пен қатар керамика өнерін үйреніп шығады. Тұрғын қазіргі таңда ат әбзелдерін, қыш құмаралары мен қатар сувенирлік бұйымдарды дайындайды. Бүгінде азамат сүйікті ісін кәсіпке айналдырып қана ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ
Түркістанда ұлт мақтанышы, қазақ елінің қазына байлығын зерттеуші, Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы, ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы Қаныш Сәтбаевтің 125 жылдығына арналған «Ғұлама ғалым» атты танымдық кеш өтті. Шараға облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысының орынбасары Ержан Исатаев және қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова қатысып, ғалымның ұлт үшін сіңірген еңбегіне тоқталды. «Ұлы Дала Елі» орталығының және Қаныш Сәтбаев атындағы ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 5000-НАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, қала тұрғындарын бұдан әрі де игі бастаманы қолдауға шақырды. Жергілікті әкімдіктің құрылымдары, барлық мемлекеттік мекемелер, белсенділер мен еріктілер де бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар өз аулаларын тазартуға белсене атсалысып жатыр. Сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу ...
Толығырақ »КҮРЕЖОЛ БОЙЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
Шымкент-Қызылорда бағытындағы айналма жол бойында желілік саябақ құрылысы қарқын алды. 9,6 шақырымға созылатын саялы бақтың көгалдандыру аймағы 150 шаршы метрден асады, мұнда 12 мыңнан астам ағаш, 23 мыңнан астам бұталар мен гүл отырғызылмақ. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков нысан басына барып, мердігерлермен кездесті. Құрылыс жұмысын бақылау барысында мамандардың ұсыныстарын тыңдап, желілік саябақтың тұрғындар үшін ыңғайлы болуы маңызды екенін атап өтті. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫНА 62 МЫҢНАН АСТАМ ГҮЛ ЕГІЛДІ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде кесене аумағына 10 түрлі гүлдің 62 мыңнан астам көшеті отырғызылған. Одан бөлек, кесене төңірегі тазаланып, әрлеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Түркістан қаласында жалпы акция аясында көктемгі уақытта 200 мың түп гүл, 104 мың дана тал көшеттері отырғызылып жатыр. Аталған жұмыстарға ...
Толығырақ »Түркістан: кезекті аппараттық мәжіліс өтті
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжіліс «Таза Қазақстан» республикалық эко-акциясының орындалуы бойынша есеппен басталды. Бөлім басшылары мекемеге бекітілген нысандарда атқарылған тазалық жұмыстары туралы баяндады. Жалпыхалықтық сенбілік нәтижесі ұсынылып, жұмысшы топтың анықтаған кемшіліктері сараланды. Күн тәртібіне сәйкес сөз алған қалалық Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Ержан Исмаилов тазалықты қамтамасыз ету тапсырмасын орындау барысында Кентау тас жолында – ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Еліміз бойынша 10 сәуір күні басталған экологиялық акция 11 мамырға дейін жалғасады. Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы басталды. Апталық аясында мәдениет ұжымдары жұмысты бастап кетті. Атап айтқанда түке дейін «Фараб» кітапханасының ұжымы өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру бойынша қала маңындағы «Гаухар ана» кесенесіне барды. Кітапханашылар ...
Толығырақ »Түркістан қаласының әкімі құрылысы басталған саябақтың жұмыс барысын аралалады
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Бекзат мөлтек ауданындағы Жаров көшесі бойында құрылысы басталған саябаққа барып, жұмыс барысын бақылады. Саябақ 3 гектарға орналасады, көгалдандыру аумағы 19 460 шаршы метрді құрайды деп жоспарланған. Қазір мұнда жаяу жүргіншілерге арналған жол төселіп, балалар алаңшасы мен стрит воркаут негізі қалануда. Тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында мұнда жүгіру жолағы, шағын сахна және автотұрақ қарастырылған. Сондай-ақ, Бекзат ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЕГІЛГЕН ГҮЛДЕР САНЫ 200 МЫҢҒА ЖЕТЕДІ
Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында ауқымды шара жалғасуда. Аталған шараға тұрғындар, мемлкеттік мекемелер мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты. Акция аясында бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам ...
Толығырақ »ШЕБЕР АБАЙХАН РЫСПАЕВ: ҚЫШ БҰЙЫМДАР АРҚЫЛЫ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАНУҒА БОЛАДЫ
Түркістандық шебер Абайхан Рыспаев 40 жылдан бері қыш өнерін жанына серік етіп келеді. Алматы көркем сурет училищесінен керамика ісі бойынша білім алған тұрғын бүгінде сүйікті ісін кәсіпке айналдырған. Жылына 10 мың данаға жуық қыш бұйымдарын дайындайтын өнер иесі бүгінде шеберханасында 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда, Абайхан Рахманбердіұлы Түркістан көпсалалы колледжінде қыш өнерінен сабақ беріп, ұлттық өнерді дәріптеп келеді.
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасы Сиань қаласына барды. Сиань — әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы, сондай-ақ Шымкент қаласының бауырлас қаласы. Өткен жылғы сапар аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шымкент пен Сиань арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісімдермен бірге бірқатар мүмкіндіктерге қол жеткізді. Сапар барысында мегаполис ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ХХХІІІ СЕССИЯҒА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАТЫСТЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессия отырысына Шымкенттегі ассамблея мүшелері онлайн режимде қатысты. Еліміздегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысы биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Сессия жұмысына онлайн режимде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және ҚХА мүшелері, Ассамблея құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің ...
Толығырақ »ТУРЕЦКИЕ ИНВЕСТОРЫ ПОСТРОЯТ ПАРОГАЗОВУЮ УСТАНОВКУ В ШЫМКЕНТЕ
Аким города Шымкент Габит Сыздыкбеков и представители турецкой компании «Aksa Energy» во главе с Мурадом Юстел подписали меморандум о реализации проекта по строительству в городе парогазовой установки (ПГУ) мощностью до 500 МВт. Строительство установки начнётся в ближайшее время. Глава мегаполиса отметил, что ввод нового проекта положительно скажется на улучшении экологической ситуации в городе и осуществит дополнительные поступления в бюджет. Следует ...
Толығырақ »ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Қондырғы құрылысы биыл басталады. Мегаполис басшысы жаңа жобаны енгізу қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, қала бюджетіне қосымша кіріс әкелетінін атап өтті. Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық ...
Толығырақ »ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА
Елімізде болып жатқан саяси жаңғырулар енді экономикалық өзгерістерге ұласпақ. Президентіміз өз Жолдауында экономикалық дамудың нақты бес бағдарын айқындап, дамудың даңғыл жолын көрсетті. Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, стратегиялық инвестиция, Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Заң мен тәртіп – Жаңа Қазақстанның бес тұғырына айналмақ. Мемлекет басшысының Жолдауында елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. ...
Толығырақ »“Жасыл аймақ” апталығы Алатауда жалғасты
Еңбекші ауданы “Таза Қазақстан” акциясында белсенділік танытуда. Бүгін аудан тұрғындары, әкімдік қызметкерлері және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы аудан аумағында орналасқан Алатау саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға 200-дей адам, 4 техника жұмылдырылған. -Қаламыздың тазалығына үлесімізді қосайық деп келдік. Бұл науқан жәй ғана тазалыққа шақыру ғана емес, ынтымақ-бірлікке, ұжымдық еңбекке баулу деп түсінеміз. Қаламызды таза ұстау қала тұрғыны ретінде ...
Толығырақ »«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: МЕТАЛЛУРГТЕР САЯБАҒЫНА 100 ТҮП КӨШЕТ ЕКТІ
«Жасыл аймақ» апталығы басталғалы Шымкент қаласының жер-жерлерінде ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. Тұран ауданына қарасты Металлургтер саябағының ашық жерлеріне де 100-ден аса қаратал егілді. Ағаш отырғызу жұмыстарына Тұран ауданы тұрғындары мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, өнер адамдары және еріктілер қатысты. Саябақтағы тал егу жұмысы көңілді өтті. Оған себеп, көгалдандыру жұмысының көрігін Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театрының әзілкеш әртістері қыздырды. ...
Толығырақ »«КІТАП ОҚУ – ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ БОЛУ»
Шымкентте Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап оқу – озық ойлы ұлт болу» тақырыбында әдеби кеш өтті. Әдеби кешке қонақ ретінде түрлі саланың майталмандары қатысты. Олардың қатарында жазушы, тарихшы М.Әбдәкімұлы, «Ақылдым» республикалық балалар журналының редакторы Б.Нарымбетова, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Ғ.Есболаев бар. Іс-шара ...
Толығырақ »«ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ БАҒАЛА» АКЦИЯСЫ СУДЕНТТЕРДІ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗДІ
Шымкентте студенттер тегін профилактикалық тексеруден өтуде. Студенттік емхана мамандары «Денсаулығыңды бағала» акциясы аясында қаладағы орта және жоғарғы оқу орындарының студенттерін дәрігерлік тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда ем-шаралар тағайындауда. Бұл үрдіс аурудың алуға, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады дейді мамандар. –Студенттік емхана аты айтып тұрғандай тек студенттерге қызмет көрсететін медициналық мекемеміз. Бүгінгі іс-шара жиі өткізіліп тұратын іс- шаралардың бірі. Яғни ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ДОМБЫРА БЕЙНЕСІНДЕ МӘДЕНИ НЫСАН САЛЫНАДЫ
Үшінші мегаполис Шымкент қаласы күннен-күнге көркейіп келеді. Қалаға келетін туристер саны артқан сайын оларға ұсынылатын көрікті жерлер де көп болғаны абзал. Осыған орай, еліміздегі үшінші мегаполисте көріктендіру, абаттандыру жұмыстарына қала билігі барынша басымдық беріп келеді. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев салада 2023 жылы және 2024 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылғы жоспарларымен ...
Толығырақ »