Келестік полицейлер Жеңіс саябағында «1-маусым Балаларды қорғау күніне» мерекелік іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Балалар әрқашан бұл мерекені ерекше сезіммен күтеді, олар өз тілектерінің орындалуына сенім білдіреді. Біздің полиция қызметкерлері жыл сайын балалардың мерекесінде қажетті көмек көрсетеді және сыйлықтармен ықыласпен қуантады, – деп атап өтті полиция полковнигі С.Отыншиев.
Сондай-ақ шара соңында балалар қонақтарға өздері дайындаған бағдарламаларын ұсынып, әндер орындап, өлеңдер оқып, би билеп, көңілді кеш ұйымдастырды.
© Didarbek.kz