Отырар аудандық білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі жанындағы жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лагер жұмысымен танысуға барған аудандық мәслихаттың және “Amanat”” партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы Уәлихан Ұзақов балаларды жазғы демалыс күндерімен құттықтады.
Ол өз сөзінде: «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жазғы каникул балалардың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Сендер үшін қызықты іс-шараларды жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең болып табылады»,-деді.
Оқу мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі сапалы білім беру болса, қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат – жан-жақты өзіндік ой-талғамы бар, өмір сүруге бейім, адамгершілігі жоғары бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Осы мақсатта ұйымдастырылған лагерь жұмысы балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып қана қоймай олардың бойындағы сан қырлы қабілетті дамытады.
Балаларды қорғау күнімен қатар келген шарада Уәлихан Жамалханұлы балаларға тәттілерді тарту етіп, риясыз қуанышына куә болды.
© Didarbek.kz