Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ӘКІМ АУРУХАНАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН СҰРАП, МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ӘКІМ АУРУХАНАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН СҰРАП, МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін, балаларды қорғау күні мерекесі мен «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясына орай қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Арыс қалалық Орталық ауруханасына барды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 9 человек
Қала басшысы балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндердің хәл-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеп, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, сый-сияпат жасады.
Шаһар басшысы аурухана ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, оларға еңбектері үшін алғыс білдірді.
Возможно, это изображение 6 человек, люди улыбаются, больница и текст
Айта кетейік, қалалық Орталық аурухананың балалар бөлімі бүлдіршіндерге мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсетеді. Материалдық-техникалық базамен қамтылған. Аурухана 31 төсек орынға лайықталған. Сондай-ақ, бұл жерде жылына 1500-1800 бала ем алып шығады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу