Шымкент қаласы Абай ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасы салынуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Самал-3 шағын ауданы Абдраманов көшесінде спорт алаңшасының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Н.Тілеш, спорт басқармасының мамандары, аудан тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ, іс-шара аясында қосымша Асар-2 шағынауданы орналасқан спорт алаңшаларында, спорт басқармасымен бірлескен «Аула чемпионаты» ұйымдастырылды. Балдар асық ату, турникке тартылу, гимнастикалық шеңбер, кіші футбол, скакалкамен секіруден бақ сынасты.
Спорттық сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар сыйлықтар және арнайы мадақтама қағаздарымен марапатталды.
© Didarbek.kz