Шымкентте пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау қатаң бақылауға алынған. Жергілікті билік пен жауапты мекемелерден бөлек карантин тәртібінің сақталуын шаһарда Арнайы мониторингтік топ та назарға алған. Топ жетекшісі Әсет Әссандиді «Магнум» сауда желісінде азық-түлік бағасына қоғамдық бақылау жүргізу кезінде жолықтырып, әңгімелескен болатынбыз. – Әсет аға, карантин кезінде төтенше жағдай тәртібінің сақталуын қадағалауда мониторингтік топтың белсенділігін байқап жүрміз. Алдымен, топтың ...
Толығырақ »Көкейтесті
ПРЕЗИДЕНТТІҢ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕСІ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайды айта келіп, біраз ойларымен бөлісті. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білсек», жеңіске қол жеткізетінімізді де меңзеді. Ендеше 11-мамырға дейін созалған төтенше жағдайдың аяқталуы да өзімізге байланысты. Сақтық шараларын барынша ұстанып жүрсек, ешқандай індет бізді ала алмайды. © Әсет Әссанди, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Толығырақ »ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
Кез-келген қоғам мен мелекеттің экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуын кері тартатын құбылыс ол- сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің бәсекеге қабілетілігін төмендетіп, демократиялық дамуды тежейді. Азаматтардың қоғамға деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты. Бұл бағытты жүзеге асыру бойынша елімізде құқықтық реформалар жасалып, ҚР Сыбайлас ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Құрметті отандастар! Баршаңызға белгілі, Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әрине, бұл кезең жұртшылыққа оңай тимегені анық. Кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалды. Ойға алған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болғандар да бар. Адами тұрғыдан мен мұны түсінемін. Қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдадым. Соның арқасында індет жаппай таралған жоқ. Дүниежүзілік ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТ ЕЛДЕГІ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАЙДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елдегі коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасайды, – деп хабарлайды DIDARBEK.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», – деп жазды Тоқаев. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі Akorda.kz сайтына түске дейін жарияланады. © DIDARBEK.kz
Толығырақ »БІЗ БІР АЛЫП ШЫНАРДЫҢ БҰТАҚТАРЫМЫЗ
Егеменді ел, Тәуелсіз мемлекет болғанымызға да, міне, 29 жылға аяқ басып барады. Бүгінгі таңда өшкеніміз жанды, өлгендеріміз тірілді. Тарихымызды қайта қарап бағамдай бастап, өмірден озған ұлы тұлғаларымызды да қайта тіктей түстік. Оның үстіне, кең тынысты кемеңгер ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына да бүгінгі күннің көзімен қайта таразылап, айрықша мән беру керектігін өмірдің өзі алға тартып отыр. Аллаға шүкір! Дінімізге қуат кірді, тіліміз де ...
Толығырақ »БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС БАҒЫТТАРЫ
Құрметті оқырмандар мен ата-аналар! Міне, еліміз қашықтықтан оқыту форматында білім беруде үшінші аптаны да артқа тастады. Шымкент қаласындағы білім саласында осы аралықта атқарылған жұмыстары туралы Сіздерге баяндауды жөн көрдім. Апта қорытындысы бойынша қала оқушыларының қашықтықтан білім алу мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткіші: 1. Телеарналарда – 17 350 (7,8%) оқушы. 2. Интернет платформаларда – 204 687 (92,2%) оқушы. («Daryn.online», «Bilimland.kz» интернет платформалары). Екі ...
Толығырақ »КИМ ЧЕН ЫННЫҢ ӨЛІМІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ
Сенбі күні америкалық БАҚ өкілдері КХДР басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпарат тартты. Алайда, кейіннен бұл мәлімет жоққа шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Кейбір БАҚ өкілдері Солтүстік Корея көшбасшысының жүрегіне ота жасалғанын, содан соң оның комаға түскенін жазды. Кейіннен Корея достастық қауымдастығының басшысы Алехандро Као де Бенос Ким Чен Ынның ауыр хәлде жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп ...
Толығырақ »КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛҒАН АУМАҚТАР
Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында аудан аумағында карантинге жалпы 12 аумақ жабылып, оқшауланған болатын. Қазіргі таңда аудан аумағында 12 індет ошағы анықталған орындар карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар үйден шықпай азық-түлікті және басқа да қажетті заттарды жақын орналасқан дүкендер арқылы тапсырыспен алдыруға мүмкіндік жасалынды, қосымша күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ олар: 1. Ә.Молдағұлова көшесі ...
Толығырақ »СӘБИІМЕН БІРГЕ АМАН
Шымкентте дәрігерлер жүкті әйел мен ішіндегі шаранасын сақтап қалу үшін күрделі ота жасады. Ота №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өткен. №1 қалалық клиникалық ауруханасының хирургы Сәбит Байтеміровтың жетекшілігімен 28-апталық жүктіліктегі әйелге ота жасалған. Операция барысында хирургтар жүкті келіншектің ішіндегі бір уыс құртты хирургиялық жолмен алып шықты. Медицина мамандары күрделі отаны үш сағаттан аса жасаған. Ғажайыптың күшімен аман қалған азаматша қазір ...
Толығырақ »БАНКТЕР МЕН ЛОМБАРДТАР ҚАЛАЙ АЛДАЙДЫ?
Елдегі төтенше жағдай бәрімізді шеттерімізден әбіржітіп жіберді – үйреншікті өмір салты бұзылып, үйде отыруға мәжбүр болып, табысымыздан айырылып, ертеңгі күнімізге деген үміттеріміз сөніп бара жатыр. Десек те, біздің бұл күйге түскенімізді пайдаланып, онсыз да қиын күндерді бастан кешіріп отырған біздің үстімізден пайда тауып отырған банктер мен ломбардтардың тірлігіне қалай қайран қалмайсыз! Мәселен, Еуразиялық банкті алайық… Төленіп жатқан несиені үш айға ...
Толығырақ »РИНГКЕ ҚАЙТА ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ
Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон қайырымдылық жекпе-жегі үшін рингке қайта оралғысы келеді, деп жазады sputniknews.kz. «Мен қазір жаттығып жатырмын, рингке қайта шыққым келеді. Бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлағандықтан, спорттық дайындықты қолға алдым. Төрт раундтық қайырымдылық жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік беретін бабымда болуды қалаймын. Ақша тауып үйсіздер мен есірткі тәуелділігіне ұшырағандарға көмектескім келеді», – дейді боксшы. Темір Майк рингке соңғы рет 2005 жылы ...
Толығырақ »13 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Вирус жұқтырған екі азамат ТЖД қызметкерлері. Олар 1963 ж., 1993 жылғы. Қалған 11 азамат — 1973 ж.,1988 ж., 1989 ж., 1973 ж., 1999 ж.,1985 ж., 1984 ж., 1970 ж., 1994 ж., 1967 ж., 1946 жылғы қала тұрғындары. Олар мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған азаматпен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. ...
Толығырақ »КӘСІПКЕР ҚЫЗДАР ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ
Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты Әлия Ортай бастаған бір топ жас кәсіпкер қыздар карантинде отырған көпқабатты біздің үйдің әлеуметтік аз қамтылған бес отбасына арнайы азық-түлік алып келіп, қасиетті ораза айында мол сауапқа кенелді. Жалпы біздің үй тұрғындары арасында аз қамтылған отбасылар саны қырықтан асып жығылады. Олардың арасында жалғызілікті аналар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, табысы төмен отбасылар бар. Басым көпшілігі бұл ...
Толығырақ »ЖҰҚТЫРҒАНДАР ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат (25.04.2020 жылғы сағат 11:00 — дағы мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1996,1993,1967 жылы туған азаматтар мен 1991,1966 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен ...
Толығырақ »2 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Вирус жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары: 1966 ж.,1984 жылғы. 1966 жылғы азаматша, мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған 1947 жылғы азаматшамен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...
Толығырақ »РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Мемлекет басұышы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады. Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне ...
Толығырақ »ЕРНАР АЙДАР КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗДЫ
Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп жазады zakon.kz. Әнші мен тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын ұйымдастырған. Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады. Негізгі іс осы бөлімнің өндірісіне алынған. Полиция өз құзіретіне сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР ККАП-тің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, — деп ...
Толығырақ »БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қазір біздің қалыпты өмір сүру қағидаларымызға бірнеше шектеулер қойылды. Соның ең үлкені әрі қоғам үшін, өзіміз үшін аса маңыздысы – үйде болу. Әрине, тіршілігін қоршаған ортамен байланыстырған біз үшін бұл оңайға соғып жатқан жоқ. Әсіресе, үйдегі кішкентай ұл-қыздарымызға қиын соғуда. Алайда бұл біздің болашағымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған жағдай. Осындай кезеңде үй ішінде, ...
Толығырақ »39 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті. Департамент басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда карантинге байланысты қалада 2000-нан астам адам тәулік бойы 3 ауысымда қызмет етуде. Оған 1206 полиция қызметкері, №35748 Әскери бөлімінің 196 сарбазы, 559 Ұлттық Ұлан сарбазы және 216 медицина мамандары жұмылдырылған. Айта ...
Толығырақ »БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
1968 жылғы азамат Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 52 жастағы науқас 20 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Науқаста жүрекшелердің фибрилляциясы, дилатациялық кардиомиопатия, артериалдық гипертензия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, қант диабеті сияқты қосымша ауру симптомдары болған. Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен біреше рет кеңес ...
Толығырақ »БАҒА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде. Кәсіпкерлік саласының жауапты мамандары бекітілген 9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің бағасын бақылау үшін күнделікті супермаркет, дүкендер мен базарларды аралап, тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда қаламызда 2000-нан астам дүкен бар. Мобильді топ қызметкерлері дүкен иелеріне ассортименттегі тауар түрлерінің шекті бағадан аспауы керектігін ескертіп, күнделікті мониторингтік жұмыстар жүргізуде. Егер азық-түлік дүкен иелері ...
Толығырақ »42 500 ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК АЛДЫ
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн-брифинг өтті. Бұхарбай Рысқұлұлының баяндауынша, төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына бірқатар әлеуметтік көмектер берілуде. Карантинге жабылған «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде 107 отбасыға тегін азық-түлік себеті таратылған. Сонымен қатар «Грамад», «Карлс крона» компаниялары мен «Қазыбек» ...
Толығырақ »12 470 ОНЛАЙН ӨТІНІМ ТҮСКЕН
ҚР Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасы аясында құрылған «Сommunal-komek.kz» электронды порталына 12470 шымкенттік тұрғыннан өтініш түскен. Ал, порталда көрсетілген аудандар бойынша байланыс нөмірлеріне аталған көмек бойынша кеңес сұрап 243 тұрғын хабарласқан. Айта кетейік, төлемді алу үшін тұтынушы «communal-komek.kz» электронды порталына кіріп, онда көрсетілген санатқа енетін азаматтың ...
Толығырақ »КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан азамат — «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабының тұрғыны. Дертінен сауыққан жігіттен дәрігерлер 6 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтап, 24 жастағы азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 23 сәуір күні ауруханадан шығарылды. Айта кетейік, бүгінге дейін ...
Толығырақ »