Мынаның қолға түскенін оқып, түрлі ойға баттым. Жемқор екенін біліп жүргенмін. Бірақ, қолда дәлел жоқ. Білетінім, «Әділ сот» деп айтып жүріп, өзі әділ бола алмады. Әшейін «әділ соттың» рөлін сомдап жүрді. Неге бола алмады десем, қолына қаражат түспей, «әділ» болу қиын екен. Оны өзі, турасын айтқанда, ашкөздігі мен тойымсыздығы дәлелдеді. Мына заманда пара алатындай Түгелдің басында бірдеңелері түгел болмай шықты. Әйтпесе, онсыз да жетісіп отырмаған жұрттан қомақты қаражат дәметіп, оны ала ма? Бұндайларға бұрынғылар: «Жегені желкесінен шықсын!» деп айтушы еді. Кеше ғана судья еді, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы еді – енді бүгін жемқор, парақор атанды. Яғни, бетінде жабысып жүрген «маскасы» шешілді.
Осындай екіжүзді судьяларымыздың шын бет-пердесін көрсетіп берген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне шексіз алғыс айтуымыз керек. Олар болмағанда, бұның 220 мың теңгеге бола өз абыройын айрандай төгіп, шалыс басқанын қайдан білер едік?! «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деуші еді бабаларымыз. Талай бауырларымыз кезінде осыған жүгінген де шығар, әділетсіздіктің құрбаны болдық деп. Бұның болса, түрі мынау. Нешауа, осындайлар азайса, бәлкім, дұрысталып та кетерміз. Ендігі жерде әділсіз судьяның әділ сотталғанын көрейік!..
Өзімен кетсін!..
© DIDARBEK.kz