Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

На изображении может находиться: 1 человек

Мемлекет басұышы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі.

На изображении может находиться: 1 человек

Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын.

На изображении может находиться: 1 человек

Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Пікір жазу