Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат
(25.04.2020 жылғы сағат 11:00 — дағы мәлімет бойынша)
Вирус жұқтырған 1996,1993,1967 жылы туған азаматтар мен 1991,1966 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
25.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 146 адам анықталды.