Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС БАҒЫТТАРЫ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС БАҒЫТТАРЫ

Құрметті оқырмандар мен ата-аналар!
Міне, еліміз қашықтықтан оқыту форматында білім беруде үшінші аптаны да артқа тастады.
Шымкент қаласындағы білім саласында осы аралықта атқарылған жұмыстары туралы Сіздерге баяндауды жөн көрдім.

Апта қорытындысы бойынша қала оқушыларының қашықтықтан білім алу мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткіші:
1. Телеарналарда – 17 350 (7,8%) оқушы.
2. Интернет платформаларда – 204 687 (92,2%) оқушы.
(«Daryn.online», «Bilimland.kz» интернет платформалары).
Екі платформада да оқушы мен мұғалім белсенділігі Республика көлемінде үш апта бойы алғашқы орындардан көрінуде. Бұл әрине, ұстаздарымыздың адал еңбегі мен ата-аналарымыздың қолдауы деп білемін.

Сонымен қатар, білім саласында ашықтық пен тазалықты басшылыққа ала отырып, нәтижеге бағытталған іс шаралар жоспары құрылды. Осы бағытта атқарылған жұмыстар:

1. Тестілеушілердің білімі мен дағдыларын бағалаудың барынша объективтілігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ЖШС «U-Future» Ustudy тестілеу орталығы мен Шымкент қаласының білім басқармасы арасында мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшылығына үміткерлердің тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы «Меморандум» түзілді.
Алдағы уақытта мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық түрде орналастыру және тағайындау тәртібін цифрландыру жоспарлануда.

2. Кадрлық резервтің арнайы институты басқарма басшысының бұйрығымен құрылып, іс-шара жоспары бекітілді.
Тәжірибелі оқу ісі меңгерушілері, ұстаздар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мекеме басшылығына кадрлық резерві құрылуда. Басқарма сайтына іс шара жоспары орналастырылды.
Мақсат – көшбасшы менеджментін қалыптастыру. Кадрлық резервтегі үміткерлермен өтетін вебинар сабақтарға әр түрлі сала қызметкерлерін тарта отырып, аталған жобаны жергілікті телеарналарда насихаттау. Халық таңдаулысын анықтау.

3. Шымкент қаласында қоғамдық көліктерде электронды билеттермен жүру жобасы енгізілуде. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 13.02.2020 жылғы №24 хаттамалық тапсырмасының 2.4 тармағында әлеуметтік ID картамен қаланың кез-келген тұрғыны оның ішінде мектеп жасындағы оқушылар үшін де қолжетімді болатыны көресетілген. Оны мектеп оқушылары ID картаны жол көлігімен қатар, мектептердегі асханаларында да төлем құжаты ретінде пайдалана алады.
4. Басқармаға қарасты барлық білім беру мекемелерінің бірінші басшылары 100 пайыз «Адалдық алаңы» жобасы аясында кабинеттерін сыныптарға тапсырып, бірінші қабатқа ауысты.
5. Мектеп жасына дейінгі балаларға және ата-аналарына арналған YouTube каналы ашылды. YouTube каналының сілтемесі: https://www.youtube.com/channel/UCboeDlX701Vb8tdP7_Oew.
6. Республикалық телеарналардан көрсетілетін «Информатика» пәнінен 36 телесабақ пән мұғалімдерімен «Отырар» телеканалында түсірілім жасалды.

Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан Call-орталық құрылған. Жұмыс телефоны — 8 7252 39-49-26, ватсап, телеграмм: +7 702 770 16 00, +7 701 158 05 55, +7 702 253 96 47, +7 701 131 41 31.

Бүгінгі күнге дейін келіп түскен сұрақтар – 519:
— негатив – 143 (27,5%);
— түсіндірме берілгені – 376 (72,4%) (әлеуметтік көмектер туралы – 182, қашықықтан білім беруге байланысты – 194).
Білім басқармасы тарапынан жұмыс сапасын жақсарту мақсатында тиісті шаралар өз жалғасын табуда.

© Жанат Тәжиева

Пікір жазу