Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда. Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері Әл-Фараби ауданындағы Сәуле, Қошқарата, Текесу елді мекендері және Терешкова көшесін аралап, аз қамтылған отбасыларға тегін медициналық бетперделер таратты. Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Көксай 2, Көксай 3, Жастар 1, Жастар 2 тұрғын алаптары мен Теміржол ...
Толығырақ »Көкейтесті
Қ-Ж.ТОҚАЕВҚА РАҚМЕТ!
Бізді сын сағатта қолдаған Қ.Тоқаевқа рақмет! Дүниежүзін әбігерге салған ауыр індетке байланысты ел аумағында төтенше жағдай жаряланды. Қаншама компаниядар мен өндіріс орындары жұмысын доғарды. Мемлекеттер шекарасын жауып, барыс-келіс, қозғалыс тоқтатылды. Қазақстан да қауіпсіздікті бірінші орынға қойып, кешенді шараларды қолға алды. Карантин енгізіліп, дәрігерлер мен полицейлер, әскерилер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Ел Үкіметі мен жергілікті әкімдік барлық іс-шараларды жүйелі үйлестіріп, тұрғындардың ...
Толығырақ »МЕРЕЙІМІЗДІ ТАСЫТТЫ
Коронавирус індетіне байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай табысынан айырылған тұрғынның бірі -.Ержан Сәрсенбайұлы. Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. — Мен Шымкент қаласының тұрғынымын. Еліміздегі төтенше жағдайға орай табысымнан айырылып қалдым. Осындай қиын сәтте әр тұрғынның жағдайын ойлаған Мемлекет басшысының саясатына риза болдым. Өзім сауда орындарының бірінде жұмыс істейтінмін. 42 500 теңгеге өтініш бердім. ...
Толығырақ »БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – БАҚТЫБАЙ
37 жасар полиция майоры Бақтыбай Байбөриев Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет етіп, алдыңғы қатарда жүр. Абдулабад тұрғын алабында орнатылған блок-бекетте күнделікті жұмыс істейтін полицейдің міндеті – жұқпалы індеттің алдын алу, азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рұқсат берілген көліктер мен азаматтарды жіті тексеру. Сын сағатта уақытпен санаспай күшейтілген режимде жұмыс істеп жүрген барлық мамандардың ...
Толығырақ »БЕТПАҚТАР ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
Бала кезімізден: «Әйел – ана, әйел – бақыт, әйел – гүл» деп тәлім-тәрбие алған едік. Қарындасың да – әйел, қызың да – әйел. «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді», – деуші еді үлкендер. Сөйтсек… Бірде Қорқыт ата оғыз қағанының өзіне тікелей қарата айтып, ел-жұртына мынадай өсиет қалдырыпты: «Әйелдің өзі түрлі болады. Оның бірі – ниеті қураған әйел, ...
Толығырақ »ӨЛІМІ АУЫР ТИГЕН ӘКІМДЕР
Бұл азаматтар мәңгі ел есінде қалды – жайлы-жайсаң мінездерімен, іскерліктерімен, елге деген сүйіспеншіліктерімен, асқан абыройларымен. Олар елді сүйді, ел оларды сүйді. Сондықтан өмірден өткен бірқатар абзалдарымызды еске алып қойсақ деген ниеттеміз. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын!.. 1. Жақсылық АРЗЫМБЕТОВ Төлеби ауданының 1947 жылғы тумасы, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған ел ағасы Сарыағаш ауданының әкімі қызметінде ...
Толығырақ »ЕКІ МИЛЛИОННАН АСТЫ…
Әлем елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2 250 709 адамды құрады: 154 256 адам қайтыс болып, 572 105-і жазылып шықты. Вирус ең көп АҚШ-та анықталып отыр. Онда індетке 710 021 адам шалдықса, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 32 451 болды. Екінші орында Испания (науқастардың жалпы саны – 190 839, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 5891), үшінші орында Италия (172 434/ 3491) ...
Толығырақ »1591 БОЛДЫ…
Бүгін азанда коронавирус індетін жұқтырудың жаңадан 45 оқиғасы тіркелді. Қазақстан бойынша барлығы 1591 жағдай анықталды: Нұр-Сұлтан қаласы – 350, Алматы қаласы – 504, Шымкент қаласы – 57, Ақмола облысы – 81, Ақтөбе облысы – 25, Алматы облысы – 37, Атырау облысы – 76, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 58, Батыс Қазақстан облысы – 39, Қарағанды облысы – ...
Толығырақ »ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
Мархабат Құдайбергенова Шымкент қаласын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына елеулі еңбегін сіңірген азаматша деп айтуға болады. Бұлай дейтініміз, Мархабат Ақанқызы бұл жұмысқа осыдан тура 13 жыл бұрын кірісті. 2007 жылдың сәуір айынан бері «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нде жұмыс жасап келеді. Мархабат 4 баланың анасы. Асыраушысынан айырылған ол балаларының қамы үшін ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Мархабат Құдайбергенова бүгінгі таңда жұмысшылардың жағдайы ...
Толығырақ »ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар төтенше жағдай кезінде де қарқынды жүріп жатыр. Шымкент қаласының тазалығы үшін елеулі еңбек етіп жатқан мекеменің бірі – «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і. Серіктестіктің құрамында 8 бригада бар. Әр бригадада шамамен 40-50 жұмысшы еңбек етеді. Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтың кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері 2-бригаданың ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ИЕ БОЛДЫ
31 жастағы Айгүл Нұрлыбаева 14 сәуір күні төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгеге өтінім беріп, әлеуметтік көмекке ие болды. 2 баланың анасы Сарыағаш ауданы Қызылжар елді мекенінде тұрады. Жолдасы екеуі егін шаруашылығында жұмыс жасайды. Төтенше жағдайға байланысты екеуі де үйде, табыс көзінен айырылып қалды. Бүгінгі таңда жолдасы Марат Нұрлыбаев 42500 теңге алу жөнінде өтінім қалдырып, жауабын күтіп отыр. Айта кетейік, ...
Толығырақ »ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы жол құрылысы жұмыстарымен танысты. — Қала аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады. Шымкенттің құрамына енген 41 елдімекеннің де инфрақұрылымы қайта қаралады. Миллионды қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл — қомақты қаражат. Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет, — деді қала әкімі. Мердігер компаниялар мен ...
Толығырақ »ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ
Шымкент қаласының кәсіпкерлері өздері қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, қайырымдылық жасауда. Жомарт азаматтар 12 балалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл отбасы осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген еді. Азаматтық танытқан жандар – қаладағы танымал кәсіпкер Қайрат Молдасейітов басқаратын Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелері. Палата мүшелері өткен жылдың соңында қиын жағдайға тап болған осы отбасының жағдайы туралы біліп, баспана ...
Толығырақ »ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗУДЕ
Еңбекші ауданында төтенше жағдайға байланысты көпқабатты 321 тұрғын үйдің 301-іне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Көпқабатты үйлердегі 715 дәліз бен 55 көше толық дезинфекцияланды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Көмекке мұқтаж азаматтарға карантин кезінде жан-жақты қолдау көрсетіліп, атаулы әлеуметтік көмек алатын 2358 отбасының 1528-іне «Magnum» сауда жүйесі арқылы әлеуметтік азық-түлік пакет беріліп, 2472 отбасыға 11360 дана тегін бетперде таратылды. Н.Төреқұлов көшесінде вирус анықталған көпқабатты ...
Толығырақ »ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН
Абай ауданында дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінге дейін аудандағы 31 шағынаудан мен тұрғын алаптағы 582 көше дәрілеуден өтті. Бұл жұмыстарға 8 арнайы техника мен 130 әскери қызметші жұмылдырылды. Аудан аумағындағы оқшауланған 6 нысандағы жағдай жіті бақылауға алынып, тұрғындарға қажетті заттарды жеткізу жүйеленді. Карантинге жабылған аймақтардағы тұрғындарға «Biz Birgemiz» акциясы аясында және демеушілер есебінен азық-түліктер тегін таратылды. Бүгінде дейін 1790 отбасыға, ...
Толығырақ »БЕТПЕРДЕ ҮЛЕСТІРІЛДІ
Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда. Күні кеше «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері гуманитарлық көмекпен Қайнарбұлақ, Бозарық, Азат шағынауданында болды. Бүгін қайырымдылық шара Игілік, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қызылжар елдімекендерінде жалғасып, партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер тұрғындарға тегін медициналық бетперделерді ...
Толығырақ »ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАУ АЛДЫ
«Үйде бірге оқимыз!». Дәл осы атаумен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен челлендж бастау алды. Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені — студенттер мен оқушылар. Төтенше жағдайға байланысты кітапханалардың жабық болуына қарамастан қатысушылар, оқулықтардың электронды нұсқаларын тауып, қызығушылық танытып отыр. Оқырмандардың басым бөлігінің ...
Толығырақ »ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗДІ
ҚАУЛЫ Шымкент қаласы 14 сәуір 2020ж. №10 Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» ...
Толығырақ »ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта куәландыру мерзімі 2020 жылғы 15 ақпаннан кейін келген барлық азаматтарға мүгедектік мерзімін төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартты. Бұл ретте жәрдемақыларды төлеу төтенше жағдай режимінің барлық кезеңі ішінде бұрын белгіленген мүгедектік тобы және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің және ...
Толығырақ »БАБАЛАР ЖЕРІНДЕ…
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұдан алдын Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен алып жүрген Ержігіт Шәріпбеков бұрынғы Алғабасты алға бастырып жүретін болды. Сәттілік тілейміз!..
Толығырақ »ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевтың кенеттен қайтыс болуына байланысты қатты қайғырып көңіл айтамыз…
Толығырақ »МИЛЛИОН БЕТПЕРДЕ КЕЛІП ЖЕТТІ
Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан 1 миллион бетперде келіп жетті. Игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетпердені тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. Медициналық бетперделер халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға беріледі. Әр отбасыға 50 данадан үлестірілетін ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛУДЕ
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға «Magnum» сауда желісі арқылы кепілдендірілген әлеуметтік көмек таратылуда. Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындар жердемақыдан бөлек мемлекет тарапынан азық-түліктер мен гигиеналық заттар жиынтығын тегін алуда. Аудан әкімі Ғалымжан Ильясовтың айтуынша, 301 мың тұрғыны бар Еңбекші ауданында 62 мыңнан астам отбасы 20 шағынаудан мен 16 тұрғын алабында тұрады. – Осылардың арасынан 2368 отбасы кепілдендірілген ...
Толығырақ »БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ
Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі. Осы игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетперделерді тегін тарату үшін 5 миллион бетперде сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. Қаламызға күні кеше ...
Толығырақ »МАУСЫМ АЙЫНДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ
Биыл тамыз айында «Shymkent City» қалашығында 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қалашықта 4,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы аяқталмақ. Таяуда Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов жаңа қалашықтағы салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап көрген болатын. Шаһар басшысы өз сөзінде қажетті құрылыс материалдарын тасымалдаушы көліктерге ...
Толығырақ »