Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОРАЗА КЕСТЕСІ: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

ОРАЗА КЕСТЕСІ: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

ОРАЗА ТҮРЛЕРІ

Оразаның алты түрі бар:

1. Парыз оразалар: Рамазан айында ораза ұстау, рамазанда ұсталмаған оразаның басқа күндерде қазасын ұстау және кәффарат оразалары – парыз.

2. Уәжіп оразалар: Бір нәрсеге аталған (нәзір) оразалар мен бұзылған нәпіл оразалардың қазасын ұстау – уәжіп.

3. Сүннет оразалар: Мұхаррам айының тоғызыншы және оныншы немесе он бірінші күндері ораза ұстау – сүннет.

4. Мұстахаб оразалар: Қамари айлардың (ай күнтізбесі бойынша) он үш, он төрт, он бесінші күндері аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері және Рамазаннан кейін Шәууәл айында алты күн ораза ұстау – мұстахаб.

5. Мәкрүһ болып есептелетін оразалар: Әр Мұхаррам айының тек қана оныншы күні, тек қана жұма немесе сенбі күн ораза ұстау – мәкрүһ.

6. Ораза ұстау харам болып есептелетін күндер: Рамазан айтының бірінші күні мен Құрбан айтының төрт күнінде ораза ұстау – харам. Өйткені айт күндері Алланың құлдарына деген сыйы. Алланың сый-сияпатынан бас тартпаған жөн.

РАМАЗАН ОРАЗАСЫН БАСҚА УАҚЫТТА ҰСТАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАР

Рамазан айында себепсіз ораза ұстамау әрі күнә, әрі жазасы ауыр. Бірақ кімде-кім төмендегідей жағдайларда болса, Рамазан оразасын ұстамаса болады немесе бастаған оразасын бұза алады.

1) Науқастық: Ауру адам ораза ұстаған жағдайда ауруының ұзақ созылып кетуінен қорықса, ораза ұстамайақ қоюына болады. Денсаулығы жақсарғаннан кейін ұстамаған оразаларының қазасын ұстайды.

2) Сапарда жүру. Рамазан айында ең аз дегенде 90 км қашықтыққа сапарға шыққан адам ораза ұстамаса болады. Сапар аяқталысымен оразаларының қазасын ұстайды. Ораза ұстау қиындық туғызбаса, жолаушының ораза ұстағаны жақсы.

3) Қауіп төнген жағдайда: Өлтірілу немесе денесіне зиян келтіру қаупі туындаған кісі оразасын бұза алады. Бұзған оразасын кейін ұстайды.

4) Аяғы ауыр және бала емізген жағдайда: Аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел кісі ораза ұстаған жағдайда өзіне және балаға зиян келуінен қорықса, ораза ұстамаса болады. Осы жағдайлар аяқталғаннан кейін ұстай алмаған күндерінің қазасын өтейді.

5) Қатты аштық пен шөл қысқанда: Ораза ұстаған адам аштық немесе шөл себебінен ақыл-есінен айырылып қалудан немесе денсаулығына зақым келуінен қорықса, оразасын бұзуына болады. Кейін қазасын ұстайды.

6) Қарттық және әлсіздік: Денесі күннен күнге шөгіп қуаты қайтқан, оразаға шыдай алмайтындай әбден қартайған адам ораза ұстамаса болады. Мұндай адамдар кейін де оразасының қазаларын ұстай алмайтындықтан әр күннің оразасының орнына фидия береді.

© Ораза орталығы

Пікір жазу