Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОРАЗА КЕСТЕСІ: ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫ

ОРАЗА КЕСТЕСІ: ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫ

СӘРЕСІ МЕН АУЫЗАШАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Сәресіге тұрып, тамақ жеу – мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сәресінде тамақ жеңдер, өйткені сәресі тамағында береке бар” деген. Сәресі ораза ұстауға күш береді. Дұғалар қабыл болатын уақыттардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып, дұға етіп, Алла Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрауы керек.

Оразасын ұстап, ауызашар уақытына жеткен адам үлкен бақытқа және қуанышқа кенеледі. Қиямет күні ұстаған оразасының сыйын алу үшін Алланың алдына барған кезде одан да үлкен қуанышқа қол жеткізеді.

Осыған байланысты пайғамбарымыз (с.а.у.): “Ораза ұстаған адам үшін екі қуаныш бар: бірі – ауыз ашқан кез, екіншісі – Аллаға қауышқан кез” дейді. Бұған қоса, пайғамбарымыз (с.а.у.) ауызашар уақытындағы дұғалардың кері қайтарылмайтынын, Алла тарапынан қабыл болатынын айтқан.

Ауызашар дұғасы:

Ауызашар уақытында мына дұғаны оқу сүннет:

“Аллаһуммә ләкә сүмтү уә бикә әмәнту уә аләйкә тәуәккәлтү уә ала ризқикә әфтартү уә саумәл-ғади мин шәһри рамазанә нәуәйту фағфирли мә қаддамту уә мә аххәрту”.

Мағынасы: “Уа, Алла! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым. Өзіңе сеніп, тәуекел еттім, берген рызығыңмен оразамды аштым. Рамазан айының ертеңгі оразасына да ниет еттім. Енді менің өткен және келешектегі күнәларымды кеше гөр!”

ОРАЗАҒА ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ НИЕТ ЕТІЛЕДІ?

Оразаның толық болуы үшін ниет ету шарт. Ниетсіз ораза қабыл етілмейді. Рамазан оразасында кешкі уақыттан бастап күн арқан бойы көтерілген уақытқа дейін ниет етуге болады.

Негізінде оразаға сәресіден кейін ниет етіледі. Бірақ сәресіде ояна алмай, тамақтана алмай уақыты біткенде оянған адам күн шығып кетсе, күн арқан бойы көтерілгенге дейін сол күннің оразасына ниет етсе болады. Тек таң атқаннан (сәресінің уақыты басталғаннан) кейін оразаны бұзатындай нәрсе жасамауы керек.

Сәресіге тұрғысы келмеген адам ертеңгі күннің оразасына ниет етсе, түнде тұрса, қайтадан ниет етпесе де болады. Ал бірақ сәресіге тұрып, оразаға ниет етуді ұмытып кетіп, таңертеңгісін есіне түскен адам да күн арқан бойы көтерілгенше ниет етсе болады. Осылай кеш ниет еткендердің оразаларында ешқандай кемшілік жоқ. Күн арқан бойы көтерілгеннен кейін оразаға ниет етуге болмайды. Рамазан айын-да ұстамаған оразаның басқа күндері қазасын ұстағанда, ниеттің түнде жасалуы шарт. Кәффәрат оразалары да осылай болады. Бұл оразаларға сәресіден кейін ниет ету дұрыс емес.

Ниет негізінде жүрекпен жасалады. Яғни түнде, ертең ораза ұстайтыны жайында ойлаған адам ниет еткен болып есептеледі. Ораза ұстау ниетімен сәресіге тұрған адамның бұл ойы да ниет болып есептеледі. Оразаға жүрекпен ниет ету жеткілікті. Бірақ жүрегімен қоса тілмен жеткізсе, одан да жақсы. Сондықтан ораза ұстайтын адам әрі жүрегімен, әрі тілімен ниет етіп: “Ниет еттім Рамазанның ертеңгі оразасын ұстауға” деп айтуы абзал.

© Ораза орталығы

Пікір жазу