Кінәлі тұлға 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Шымкентте джип көлігінің жүргізушісі блокпостта тұрған полицейді қағып кетті. Салдарынан кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысы орта дәрежелі дене жарақатын алған, деп жазады ҚазАқпарат. Жол-көлік оқиғасы Бәйдібек би мен Толеметов көшелерінің қиылысында орын алған. «Lexus LX 570» көлігінің 33 жастағы жүргізуші жолда өз міндетін атқарып тұрған тұрған полицейді қағып кеткен. Кінәлі жүргізуші оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір осы жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстінің 380 бабы 3 бөлігі 9 тармағы «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану, төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған іс-әрекет» бойынша іс қозғалып, джип көлігі айыптұраққа қойылды. Аталған бап бойынша кінәлі тұлғаға 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған» — делінген хабарламада.