Карантин енгізілген өңірлерде тұратын қазақстандықтарға коммуналдық қызметтер төлемі субсидияланады
Әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына екі ай бойы 15 мың теңгеден жіберіп отырады.
Төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:
1, 2, 3 топ мүгедектері;
мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
көпбалалы отбасылар;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
Төлемді қалай алуға болады?
Ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беру керек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі