Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият (страница 6)

Руханият

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: «Шамшырақ» қоғамдық саяси газетінің баспаханасынан алғашқы кітап басылып шықты

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: «Шамшырақ» қоғамдық саяси газетінің баспаханасынан алғашқы кітап басылып шықты. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түлкібас аудандық «Шамшырақ» қоғамдық – саяси газетінің іргетасы сонау 1931 жылы «Социалистік егінші» боп қаланған. Сол жылдан бүгінгі күнге дейін ауданның тыныс тіршілігін халыққа жеткізуде. Әр жылдары қаламы қарымды редакторлар мен журналистер еңбек етті. Газетте қазіргі ...

Толығырақ »

СОЧИДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КӨРМЕСІ

 22-23 қараша аралығында Сочи қаласында өтіп жатқан Ресей және жақын шетелдердің туристік индустрия өкілдері үшін негізгі бизнес-нысандардың бірі болып табылатын  «SIFT» халықаралық туристік форумы аясында «Шипажай және туризм. 2018-2019 маусым» халықаралық туристік көрмесіне Қазақстан Республикасы да өзінің ұлттық павильонын ұсынғанын хабарлаған болатынбыз. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі,  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен Сочиге аттанған Қазақстанның туристік саласының өкілдері ...

Толығырақ »

«ТАЗА ҚАЛА» БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

«Таза қала» конкурсының жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай мен өңірлік Азаматтық Альянстың жетекшісі Шәріпбек Жамалбек қатысып, «Таза қала» акциясының жеңімпаздарына алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарын табыстады. Айта кетейік, конкурсқа биыл 519 өтініш түскен. Сонымен, «Үздік аула» аталымы бойынша жеңімпаздар: Абай ауданында – 1 мамыр көшесіндегі №5 «А» үй (төрайымы — З.Чуганова), Әл-Фараби ...

Толығырақ »

АЙТЫС ДҮЛДҮЛІ ӘСЕЛХАНМЕН КЕЗДЕСУ

Қазақстанның Халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлішерқызының  Шымкент қаласындағы «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында «Жаулығымның ұшына жұпар түйдім» атты оқырмандармен кездесу кеші өтті. Поэзиялық кешке Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы қатысып, айтыс сүйер қауымның ыстық ықыласына бөлене жүріп қаншама жыр сүлейлерін шыңдап, айтыс додасына қанат қақтырған халық ақынының халық алдындағы поэзиялық есеп беру кешімен құттықтады. «Өзі де – өлең, өмірі де – өлең ерге ...

Толығырақ »

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙ КӨРМЕСІ ГРЕКИЯДА АШЫЛДЫ

Бүгін Грекияның Салоники қаласында «Philoxenia – 2018» ең ірі халықаралық көрмесі ашылды. Айтулы шарада Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Қожа Ахмет Ясауидің мұралары және Түркістан өңіріндегі киелі-тарихи жерлері жайлы көрмесінің лентасын қиды. Туристік әлеуеті дамыған алпауыт елдердің көшбасшы туристік орталықтары қатысатын шараның басты мақсаттарының бірі – қазақстандық туристік нысандар ...

Толығырақ »

«ТҮРКІСТАН ЖАУҺАРЛАРЫ» ПЕТРОПАВЛДА

Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығына арналған «Қазақстан мен Ресейде туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» тақырыбында XV форум өтуде. Халықаралық шара аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қоры-музейінің «Түркістан жауһарлары» атты көрмесі ашылды. Көрме әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерге арналған. Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары — ХVІІІ ғасырға тән ...

Толығырақ »

МАКЕДОНИЯДАҒЫ МАҒЖАННЫҢ МӘРТЕБЕСІ

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы Македонияның Скопье және Гостивар қалаларында «Түркі әлемінің ұлы перзенттері» атты халықаралық ғылыми конференциялар өткізді. Екі конференция да биыл ТҮРКСОЙ ұйымы тарапынан атаулы жыл болып жарияланған қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына және қазақ ақыны Мағжан Жұмабайдың 125 жылдығына арналды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ бастаған ресми делегация мен жиынға қатысушы ғалымдарды Македония Сыртқы инвестициялар министрі Аднан ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

2018 жылдың 18-20 қазан күндері Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ  ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференция Түркістан қаласында өтеді. Конференцияны ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Түркістан облысы әкімдігінің бірелесіп өткізеді. ...

Толығырақ »

ЖАРЫҚ КӨРДІ «100 АҢЫЗ»

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қолдауымен жарық көрген «100 аңыз» кітабында әр түрлі кезеңдерде хатқа түскен, сондай-ақ ел ішінде ауызша айтылып келген халқымыздың аңыз-әфсаналары жинақталған, деп хабарлайды didarbek.kz «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кітап өзінің деректілігімен, бұрын соңды жарияланбаған тың мәліметтерімен құнды. Жинақ ғалым-мамандарға, оқытушыларға, жоғары оқу орнының студенттері мен жалпы көпшілік қауымға арналған. Тарихи туындының тұсаукесер рәсімі ҚР Мәдениет және спорт министрі ...

Толығырақ »

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРГЕ!»

Шымкент қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында сурет байқауы өтті. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жастарды тарту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі жас суретшілер арасында байқау өткізді. Байқауға 100-ге жуық жас суретшілер қатысып, плакаттар мен компьютерлік графика бағыттары бойынша сайысқа ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ КӨШІ-ҚОН СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Халықаралық Еуразия көші-қон симпозиумының» ашылу салтанаты өтті. Басқосудың мақсаты — түркі елдеріне ортақ әдебиет пен мәдениетті қайта жаңғырту, рухани дүниелерді ұрпақ жадында қалдыруға ықпал жасау. Стамбул Мәдениет университетімен бірлесе ұйымдастырылған шарада алғашқы болып сөз алған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларды симпозиумның басталуымен құттықтап сәттілік тіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНЫНДА БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ

didarbek.kz. Бүгін Түркістан облысы Отырар ауданындағы Қоғам және Аққұм елдімекендерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін Күндізгі қатынау бөлмелері ашылды. Мүгедектігі бар балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйрету, арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту мақсатында  Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылы аясында іске қосылған шағын орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі ...

Толығырақ »

Жақсылар, дастан айтайын…

«Жақсылар, дастан айтайын…». Осындай айдармен өткен ІІ аймақтық жас жыршылар байқауы өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары арасында өткен сайыс Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Унивеситетінің –мәдениет орталығында ұйымдастырылды. Үміткерлер қазақ тарихындағы батырлар жырын жатқа айтып, іріктелді. Бұл туралы On’tu’stik телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Оңтүстік Қазақстан»  газеті ұйымдастырып отырған бұл жоба  республика көлемінде кеңінен қолдау тауып, ...

Толығырақ »

Отырарлық қариялар өңіріміздің тарихи-киелі орындарын аралауға аттанды

Түркістан облысы Отырар ауданында 60-тан аса ардагер қариялар «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енген тарихи орындарды аралауға аттанды. Қазыналы қарттар Бәйдібек ауданындағы «Домалақ ана» кесенесі мен «Ақмешіт» үңгіріне саяхат жасамақ. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іске асып жатқан шараны Отырар ауданында ...

Толығырақ »

«МУЗЕЙ ЖАНАШЫРЫ – АДАСҚАН АЛТАЕВ»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мәдениет саласының майталманы, әуесқой археолог, Сыр бойында орналасқан тарихи қалалар мен қоныстарды зерттеп, ғылым әлеміне алтын әріппен қосылуына өзіндік үлес қосқан мәдениет жаршысы, ұлттық өнерді ұлықтаушы, ұлағатты ұстаз, сұрапыл соғыстың ардагері Адасқан Алтаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ...

Толығырақ »

ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЯҚБАЕВ

2018 жылғы 26 қыркүйек күні «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы-журналист Жұмамұрат Тұяқбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Тұғыры биік Тұяқбаев» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды мекемеге сілтеме жасаған didarbek.kz. Жас журналистердің танылуына үлкен мән берген дарын иесін еске алу кешіне жазушының жұбайы Сайгана Мәдет, қызы Сәуле Жұмамұратқызы, туыстары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас ...

Толығырақ »

Түркібасы әулиесі

Түлкібас ауданының 90 жылдығы аясында Түлкібас ауданында қайта жөндеуден өткен «Түлкібасы әулиесі» кесенесімен танысу рәсімі өтті, деп хабарлайды ernur.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Түркібасы әулиесі «Түркібасы әулиесінің» тарихына қарайтын болсақ шежірелі Қаратау мен Алатаудың төс түйістірген тұсында, әлемге әйгілі Ұлы Жібек жолының бойында, тарихи Майлыкент өңірінде Түркібасы немесе Әулиетөбе орналасқан. Патша өкіметі кезінде бұл өлке Майлыкент болысы аталып, Кеңес ...

Толығырақ »

Түркістан: Түлкібаста Тұрар Рысқұловқа құрмет көрсетілді

Бүгін Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай іс-шара өтуде, деп хабарлайды ernur.kz ақпаратық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Қасиетті Түркістан облысының шығыс аймағында орын тепкен Түлкібас ауданына 90 жыл толып отыр. Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған. Ауданда қазіргі таңда халық саны 111 мың 200 болса, оның ішінде 26-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Аудан орталығы — ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан қаласында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында дəстүрлі XXII «Ясауитану – 2018» Халықаралық байқауы өтті. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиырма екі жылдық тарихы бар «Ясауитану» байқауына биыл еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН -ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өзбек халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған «Түркістан-түркі халықтарының рухани орталығы» атты мерекелік шарасы өтті. Айтулы жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Өзбекстан Республикасынан арнайы делегация өкілдері, облыс әкімі мен облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым мен журналистер, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Бұл туралы  Түркістан облысы ...

Толығырақ »

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ ГЕОГРАФИЯСЫ»

Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасына облыс аумағынан енген 24 нысанның тізімін жариялады, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Олар жеке-жеке: Қазығұрт тау кешені (Қазығұрт тауы, Ақбура әулие, Ғайып Ерен Қырық Шілтен); Жылаған ата бұлағы мен үңгірі; Ақмешіт үңгірі; Отырар қалашығы; Ясcы (Күлтөбе, Түркістан) қалашығы; ...

Толығырақ »

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ — МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркістан облысы, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен отбасылық байқау болып өтті. 4 кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар отбасыларын таныстырып, өздері жасаған ұлттық тағамдарын әділ қазылар алқасына таныстырды. Қазақтың ұлттық нақышындағы киім үлгісімен өнерлерін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрді қамтитын және отбасы татулығы жайлы көріністер көрсетті. Отбасы құндылықтарын негізігі мақсат ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Шымкент қаласындағы  «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Созақ ауданының бірлесе ұйымдастыруымен Созақ ауданының 90 жылдығы және Созақ аудандық орталық кітапханасының 75 жылдығына орай «Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты» атты облыстық кітапханашылар байқауы өтті. Үш бөлімнен (1:Туылған күніңмен кітапхана! (өзін-өзі таныстыру); 2) Үздік жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу; 3) «Өнерлі болу міндетім») тұрған байқауда 14 кітапханашы өнер көрсетті. Төрелік еткен әділ қазылардың ...

Толығырақ »

ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ – КОНОР МАКГРЕГОР. БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ: Ирландиялық Конор Макгрегор Хабибпен бірге виски ішкісі келді

Тұтастай алғанда, Хабиб өзіне сенімді отырып, сұрақтарға сенімді жауап беріп отырды. – Мен оны шаршатып жіберем деп ойлаймын. Ол шаршаған кезде беріліп қалады. Бокстасқан кезінде де шаршап беріліп қалған. – Ал, сен автобуста беріліп қойғансың, – деп күлді Конор. – Ал, сен 3-4 рет берілгенсің. – Ал, сен автобуста берілгенсің, – деп қайталады Макгрегор. – Ирландияның лепреконы секілді. Ресейлік шебер ...

Толығырақ »

Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Отырарда болды

Бүгін Отырар ауданына Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Прамоно келді. Қасында жұбайы және елшілік қызметкерлері бар. Индонезия Қазақстанмен дипломатиялық қатынасты 1993 жылдың 2 маусымынан орнатты. Осы уақыттан бері екі елдің экономикалық және саяси қатынасы жақсы жолға қойылған. Енді міне, туристік бағытта да барыс-келіс жандана түспек. Р.Прамоно 2017 жылдың мамырынан біздің елде елшілік қызметте. Құрметті қонақтар алдымен ...

Толығырақ »