Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасына облыс аумағынан енген 24 нысанның тізімін жариялады, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.
Олар жеке-жеке: Қазығұрт тау кешені (Қазығұрт тауы, Ақбура әулие, Ғайып Ерен Қырық Шілтен); Жылаған ата бұлағы мен үңгірі; Ақмешіт үңгірі; Отырар қалашығы; Ясcы (Күлтөбе, Түркістан) қалашығы; Сайрам қалашығы; Сауран қалашығы; Созақ қалашығы; Үкаш ата кесенесі; Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі; Ибраһим ата кесенесі; Қарашаш ана кесенесі; Гауһар ана кесенесі; Бәйдібек би кесенесі; Домалақ ана кесенесі; Исмайл ата сәулет кешені; Аппақ Ишан мешіті; «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени кешені (Қ.А.Ясауи кесенесі,Салқам Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Шақшақ Жәнібек, Қаз Дауысты Қазыбек би, Қанжығалы Бөгенбай, Жауғаш батыр және басқада ұлы тұлғалардың жерленген жері); Арыстан баб кесенесі; Қарабура кесенесі; Есім хан кесенесі; Хақназар хан кесенесі; Таңбалы тас ескерткіші; Бірлік — Ордабасы мемориалды кешені. Естеріңізге салар болсақ, Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасы аясында «Таңғажайып Түркістан» байқауы басталған болатын. Байқауға қатысушылар фейсбук әлеуметтік желісінде Түркістан облысынан «Қазақстанның киелі жерлер географиясына» енген 24 нысан жайында пост жариялауы қажет-тұғын.
© DIDARBEK.kz