Тұтастай алғанда, Хабиб өзіне сенімді отырып, сұрақтарға сенімді жауап беріп отырды.
– Мен оны шаршатып жіберем деп ойлаймын. Ол шаршаған кезде беріліп қалады. Бокстасқан кезінде де шаршап беріліп қалған.
– Ал, сен автобуста беріліп қойғансың, – деп күлді Конор.
– Ал, сен 3-4 рет берілгенсің.
– Ал, сен автобуста берілгенсің, – деп қайталады Макгрегор. – Ирландияның лепреконы секілді.
Ресейлік шебер жекпе-жекке болжам жасамауға бел байлады. Ал, Конор шыдай алмай:
– Оның басы сегіз бұрышқа секіреді. Мен 6-қазанда оның басын сындырамын. Мен бес раундқа дайын боламын. Бәрін білдім. Хабиб әйнек секілді. Оны сындырамын.
Екеуі көп сөз таласты, алайда көбінесе сәуірде автобуста бооған жайтқа көп тоқталды.
– Мен саған твиттерде жауап бергем, – деді Хабиб.
– Сандырақтадың, не жаздың?
– Жаратушы ием, сені аяп, жаныңды сақтасын!
– Не жаздың?
– Мен саған қайда баратынымды сұрадым, ал сен 14 адаммен келдің. Содан кейін сені 40 адам қоршап алды.
Хабиб шайқастың осы бөлігін ғана қорытындылады: «Ол бізбен бірге жиналып, 40 адам жинаған кезде, әлсіздігін көрсетті». Егер ол жалғыз болса … 6 қазанда біз жалғыз боламыз».
Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін, екеуі көзқарастар шайқасына, яғни соңғы эпизодқа шықты. Оқиғалардан өздерін толық қорғау үшін UFC Нью-Йорктің нақты полициясын шақырды. Конор Хабибке өте жақын келіп, айқайлай бастады. Нұрмагомедов өзін еркін әрі сенімді ұстады.
Өз тілшімізден