Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 77)

Қала тынысы

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды. Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады. Атап айтқанда, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік туады, жаңа бағыттар ашылады, цифрлық және интеллектуалдық ...

Толығырақ »

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жеке меншік нысандарға еркін-кіріп шығуды қамтамасыз ету үшін «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылуда. Жыл басынан 185 жекеменшіктегі нысандарға пандус орнатылды. Сонымен қатар, жекеменшік нысандарда орнатылған пандустардың бекітілген талаптарға сай келмейтіндері бойынша алдағы уақытта талапқа сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында ...

Толығырақ »

КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Еліміздегі үшінші мегаполисті көріктендіру және абаттандыру бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда Қонаев пен Иляев көшелері қиылысы және Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Шәмші әлемі аллеясы мен Чернобыль апатынан қаза болғандарға арналған аллея көркейтіліп, Әл-Фараби алаңы (орыс драма театрына басты кірер есік алды) қайта жаңартылмақ. Бұдан бөлек, Орталық стадион аумағындағы БТЖ Тұлпар станциясының ...

Толығырақ »

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІ — ШАҺАР КӨРКІ

Шымкент қаласын қақ жарып өтетін Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Жаңа жоспарға сәйкес, таяу болашақта өзен жағалауы заманауи әдіспен көркейту жұмыстары жүргізілмек. Бүгінде жауапты мамандар осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Суының емдік қасиеті мол Қошқар ата өзеніне шомылып, жағалауында серуендейтін тұрғындар бүгінде аз емес. Қала әкімдігі тарапынан қолға алынып жатқан қазіргі өзгерістердің басты себебі – өзен аумағын ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ АШЫЛУЫ АЛЫС ЕМЕС

Үшінші мегаполистің Бас санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев бүгін қаладағы коронавирус инфекциясына қатысты ахуалды баяндады. Брифингте коронавирус індетін жұқтырған науқастар мен қаладағы COVID-19 инфекциясының алдын алу шаралары айтылды. – Шымкент қаласында 2020 жылдың 27 мамырға COVID-19 инфекциясымен 732 жағдай тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 69,4 құрап отыр. 732 жағдайдың 22-і сырттан келіп тіркелген (13-і халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 1 ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ПРОДОЛЖАЮТСЯ РАБОТЫ ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ ГОРОДА

В третьем мегаполисе страны интенсивно ведутся работы по благоустройству и озеленению. В настоящее время, на перекрестке улиц Кунаева и Иляева, а также в скверах на пересечении проспекта Кунаева и улицы Туркестанская, ведется капитальный ремонт. Также, ведется благоустройство аллеи «Шәмші әлемі» и аллеи памяти погибших в Чернобыльской аварии, планируется провести реконструкцию площади Аль-Фараби (перед главным входом в русский драматический театр). Кроме ...

Толығырақ »

ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯМ ОКАЖУТ ПОДДЕРЖКУ В ШЫМКЕНТЕ

Аким Шымкента Мурат Айтенов ознакомился с подготовительной работой офиса «Правительство для бизнеса — Shymkent INVEST», который начнет работу в ближайшие дни. Это совместный с акиматом и Палатой предпринимателей проект, цель которого — централизованное оказание предпринимателям и инвесторам города мер государственной поддержки и государственных услуг по принципу «одного окна». Проект реализуется в рамках плана антикризисных мероприятий, разработанного в целях поддержки предпринимателей. ...

Толығырақ »

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент коронавирус індетіне қатысты өз пікірін білдірді. — Қазіргі таңда еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті. Бірақ, індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Коронавирус қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгертті. Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті, — деді Мемлекет басшысы. Соған сәйкес мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ. ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ ҚҰНЫ АРТАДЫ

Бүгінгі Ұлттық кеңесте көтерілген мәселелердің бірі оқытушылардың еңбегінің маңыздылығы жөнінде айтылғаны көңілге қонды. Президенттің әсіресе, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында ұстаздарды ынталандыру шараларын қарастырдық деуі бізге күш-жігер бергендей болды. Егер Үкімет мемлекеттік гранттардың құнын арттыру арқылы жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін жолға қойса, онда оқу орындарындағы айтылып жүрген жемқорлық мәселесі туындамас еді деп ойлаймын. Президенттің «білім гранттарының орташа ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ БЕДЕЛІ – БІЛІМ-БІЛІКТІЛІГІНДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысындағы айтқан сөздерін мұқият оқып шықтым. Ел Президенті әуелі қазірге дейінгі атқарылған жұмыстарға тоқталып өтіп, болашаққа жасар нақты қадамды айшықтап берді. Педагог ретінде білім беру мен ғылымды дамытуды және оқулыққа қатысты айтқан сөздері көңілімнен шығып, өскелең ұрпақ үшін төбем көкке жетті. Білім саласында өркениетті елдердің көшінен қалмау үшін қазірге дейін реформалар ...

Толығырақ »

«ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАЙМЫН!

Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтылған «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қолдаймын. Бұл жоба ауылдық елді мекендерге мамандарды бекіту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халыққа ұсынылатын әлеуметтік қызметті жақсартып, ауыл және қала халқының өмір сүру сапасындағы алашақтықты азайтуға жол ашпақ. Ауылдағы жас жеткіншектердің білім сапасы төмендемеуі үшін, науқас жандардың көбейіп, ана мен бала өлімін алдын алу үшін, ...

Толығырақ »

МАМАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ел Президенті ақ халаттылар жайлы жақсы жаңалық айтты. Яғни, Қасым-Жомарт Кемелұлы дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа табыстан 2,5 есе артық болуы керек екенін жеткізді. Одан бөлек, бұл жоспар 2023 жылға дейін іске асуы қажеттігін тілге тиек етті. Бұл дегені – Мемлекет басшысы медицина саласындағы мамандардың қажырлы еңбегі ескерусіз қалғанын қаламайтынын аңғартады. Осы ретте Қ.Кемелұлы: «2010 ...

Толығырақ »

ШӘКІРТАҚЫСЫ АРТАДЫ

ҚР Президенті Қ. Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында білім саласына қатысты біршама мәселелерді көтерді. Мемлекет басшысы Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет екендігін де алға тартты. Педагогикалық мамандықтарға сұранысты арттыру мақсатында шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мыңға дейін көтерілетінін айтты. ЖОО оқытушыларының еңбекақысы көбейтуді де тапсырды. Президент осылайша бүгін білім саласын жетілдіру тетіктерін қозғап, алдағы уақытта атқарылар шараларды нақты атап ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАН САУАЛ ТУЫНДАСА…

Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығы 25 мамырдан бастап барлық санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды (орталықтың ауласында) бастады. Орталыққа келуді жоспарласаңыздар міндетті түрде бетперде тағуды ұмытпаңыздар! Әлеуметтік көмек бойынша алдын ала сұрақтарыңыз болса, әр аудан бойынша тиісті мамандардың байланыс телефондарына хабарласуға болады. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША: Қаратау ауданы — ...

Толығырақ »

ҚАЙТА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды. Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды. Қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға жуық қаржы бөлінгенін атап өтті. Бұл қаржыға жасыл желектің қатары ...

Толығырақ »

«БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» КЕҢСЕСІ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақын күндері жұмысын бастайтын «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесінің дайындық жұмысымен танысты. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жобасын әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Мұнда қала кәсіпкерлері мен инвесторларға «бір терезе» негізінде мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады. Бұл жоба- кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген дағдарысқа қарсы іс-шара жоспары аясында жүзеге ...

Толығырақ »

ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ҚОЙЫЛА БАСТАДЫ

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктер алдымен Қаратау ауданына қарасты Алматы көшесіне қойыла бастады. Жаңа заманауи үлгідегі қондырғыларды қоқыс тасымалдаумен айналысушы мекеме «Эко Спец Транс» мекемесі тарапынан орнатылды. Алматы көшесі — қала аумағындағы орталық көшелердің бірі. Осы орайда аталған көше тұрғындарына қоқыс шығар кезінде қолайсыздықтар туындамас үшін және қоршаған ортаның тазалығы басты назарда екенін ескере отырып жүзеге асырылды. Алдағы уақытта өзге ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн-брифингте Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша қаламызда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. – Еңбек Кодексіне 131 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, 67 бап өзгертіліп, 41 талап жаңарды. Осы өзгерістерді халыққа түсіндіру мақсатында Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы онлайн-брифинг өтті. Брифингте белгілі болғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 04.05.2020 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған. Бұл Заң еліміздің 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық ...

Толығырақ »

ТОЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Биыл жұмыспен қамту жол картасының аясында биылдың өзінде жиырма төрт жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. 2025 жылға қарай мемлекеттік бағдарлама бойынша жиырма ірі клиника салынады. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Осындай жағымды жаңалықтары мен бөліскен Президент, әлеуметтік саладағы түйіткілді мәселелердің барлығында тізбектеп, олардың шешу жолдарын атап ...

Толығырақ »

БАЗАРЛАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент базарларында санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек. Қаладағы базар басшыларымен кездесіп, карантиндегі жағдаймен танысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов Facebook парақшасында осылай жазды. – Кезінде алдыңғы қатарлы базар болған, бәрімізге таныс «Евразия» базары бүгінде бірнеше сауда нысандары — «Әсел”, “Бенефис», «Южтранс», «Алтын орда» және «Евразия Торг Сервис» базарларымен ұштасқан. Сауда нысанының өкілдерімен санитарлық талаптардың сақталуы мен қауіпсіздік деңгейін және сатушылар ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысу мақсатында Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасын аралап көрді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталы. Жобалық құны 11 миллиард теңге инвестиция жұмсалған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 миллион шаршы метр кілемді құрайды. 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпорын полипропиленді жіптерді ...

Толығырақ »

ЕЛШІЛЕР ЗАУЫТҚА БАРДЫ

Еуроодаққа кіретін 12 мемлекеттің елшілер «Шымкентцемент» АҚ зауытына барды. Қонақтарды күтіп алған зауыт басшысы Шишка Збигнев кәсіпорынның жұмысымен таныстырды. Аталмыш кәсіпорын шетелдік инвестицияның көмегімен жаңғырту процесінен өтіп, бүгінде ішкі нарықты отандық цемент өнімімен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір өндіріс орны. Бұрын бұл зауытта цемент ескі әдіспен шығарылатын. Соның салдарынан қаланың экологиясына әжептеуір зиян келтіретін. Қазір құрғақ әдіспен цемент алу әдісіне көшкелі ...

Толығырақ »

ПОСЕВНАЯ ПЛОЩАДЬ В ШЫМКЕНТЕ УВЕЛИЧИЛАСЬ НА 1000 ГЕКТАРОВ

Об этом в ходе аппаратного совещания сообщил руководитель управления сельского хозяйства и ветеринарии Аскар Каныбеков. По словам руководителя управления, в этом году посевные площади сельскохозяйственных культур достигли 27,6 тыс га. Это на 1,0 тыс. га больше чем в прошлом году, передает информационное агентство DIDARBEK.kz со ссылкой на пресс-службу акимата города Шымкент. Кроме того, на весенне — полевые работы выделено 1,25 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ — ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ

Еуроодаққа кіретін 12 мемлекеттің елшілері алдымен қаламыздағы дәрі-дәрмек шығаратын «Химфарм» АҚ зауытында болды. Кәсіпорынның жұмысымен жақынырақ танысып, фармацевтика өндірісінің перспективалары жайлы ой бөлісті. «Химфармда» бүгінгі таңда пероралді, парентералді, стерилді және стерилді емес дәрілік препараттар шығарылады. Дәрі-дәрмектер төрт өндірістік желіде өндіріледі. Зауытта 251 адам жұмыс істейді. Өндіріс тәулік бойы тоқтамайды. Зауыт қызметкерлері ауысым бойынша жұмысқа түсіп, аптасына 40 сағат, ал зиянды ...

Толығырақ »