Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, 67 адам кәсіподақ мүшелігіне қабылданды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Әбдінұров Мәлік Құттымбетұлы сайланды.
Басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Әбдінұров және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов өзара келісім-шартқа қол қойса, ал мекеменің жұмыс берушісі – басқарманың басшысы Ғ.Төлепов пен басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Әбдінұров арасында жұмыскерлердің құқын қорғаудың негізгі құжаты — ұжымдық шартқа қол қойды.
Қол қойылған ұжымдық шарт Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына тіркеуге берілді.
Бас қосқан жиында Қазақстан Республикасының Еңбек қатынастары туралы Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөніндегі кешенді жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында 2019-2023 жылдар аралығында өндірістік жазатайым оқиғаларды және зиянды жұмыс орнындарын азайтуға бағытталған Жол Картасының орындалуын қамтамасыз ету, БАС КЕЛІСІМ шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, Мемлекеттік органдардың республикалық кәсіподақтар бірлестіктерімен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын жетілдіру жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындауды жүзеге асыру мәселелері және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ХІ-съезінің материалдары талқыланып, оларды іске асыру бағытындағы тиісті шешімдер қабылданды.
© Didarbek.kz