Бүгін Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шектеулеріне байланысты Қаулыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша брифинг өткізді.
Бүгінге дейін Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 7 маусымы аралығында COVID-19 инфекциясымен 1176 жағдайы тіркелген. Салдарынан сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 111,5 құрап отыр
– Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Қаулыда баяндалғандай COVID-19 індетінің тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік талаптарды қатаң сақтау қажеттігін айтқымыз келеді. Сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға жол берілмейді, – деді Әбдіманап Төлебаев.
Осы орайда қала тұрғындары COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында келесі карантиндік талаптарды орындауы қажет:
— қоғамдық орындарында, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерінде және қызметі рұқсат етілген нысандарына бетперделерді кию, қызмет көрсету кезінде қолғаптарды киіп жүру антисептиктерді қолдану және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсету нысандары қосымша өз қызметкерлерін бір рет қолданатын қолғаптармен және қажеттілігіне сәйкес ауыстыруды қамтамасыз етуді;
— меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары, персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарын және шектеу шараларын сақтауға қатаң бақылауды қамтамасыз етуді;
— қоғамдық көліктерге жолаушылар бетпердесіз кіргізілмеуді;
— қалада қоғамдық автокөліктердің қозғалысы жолаушылардың ағымын ескере отырып қамтамасыз етуді;
— қалада қоғамдық автокөліктердің орындарынан артық жолаушылар тасымалданбауды;
— қоғамдық көліктерде санитариялық-дезинфекциялық жұмыстар күшейтуді;
— Шымкент қаласының аумағындағы барлық базарларының (азық-түлік, азық-түлік емес, құрылыс тауарлары, автобөлшектер, автокөлік, мал базарлары) жұмыс уақытын сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектеуді;
— қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітуді;
— кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары меншік нысанына қарамастан карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарының орындалуы күшейтуді;
— денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, оның ішінде ҰБТ өткізілетін кезде карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуын күшейтуді қамтамасыз етуді;
— нысандарда және оларға қарасты аумақтарында адамдардың шоғырлануына жол берілмеуді;
— шомылу, демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды;
— көпшілік іс-шараларды жеке үйлерде және басқа да орындарда (жалға алынған орындар, алаңдар, аулалар және т.б.) өткізілуіне жол бермеу шараларын қабылдауды.
Сондай-ақ, Қаулыға сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың, ұлттық компаниялар және кеңселердің басшыларына 50% кем емес қызметкерлерді (штат бойынша 30 қызметкерден көп болғанда) қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне көшіруді атап өтті.
© DIDARBEK.kz