Түркістандық депутаттар Мақтаарал ауданына 11 млн. теңгеге гумантарлық көмек көрсетті, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгін Түркістан облысының бір топ депутаттары «Nur Otan» партиясының республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында Мақтаарал ауданына жалпы құны 11 млн. теңгені құрайтын 11 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек әкелді. Оның ішінде азық-түлік, көрпе-төсек, киім кешек, гигиеналық заттар мен 2 тонна балық ...
Толығырақ »Облыс жаңалықтары
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың орын алуына байланысты көршілес аудандардан қосымша көмекке медицина қызметкерлері тартылды. Яғни, эвакуациялық орталықтардағы азаматтардың денсаулықтарын бақылау жұмыстарына Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай аудандарының орталық ауруханасы және облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының ақ халаттылары атсалысуда. Бұл туралы онлайн режимде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...
Толығырақ »100-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ЖОЛ ТӨСЕЛЕДІ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов облыс орталықтарындағы құрылыс және жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Түркістанда бүгінде 5, 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер салынуда. Еліміздегі төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан қаланың құрылыс жұмыстары тоқтаған емес. Кестеге сай жүргізілуде. Дегенмен, жұмысшы күшінде әлі де тапшылық бар. Облыс әкімі Ө. Естайұлы қаланы дамыту, көркейту аясында салынып ...
Толығырақ »ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Рысмет Жұмағұловқа Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданында 2 бөлмелі үйдің кілті табысталды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске үлес қосқан майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 75 ...
Толығырақ »СУ ШЫҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Түркістан облысы Мақтарал ауданында су басқан елдімекендерде су шығару жұмыстары қарқын алды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Бүгінде Мақтаарал ауданындағы су шығару жұмыстары қарқынды жүруде. Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекені маңындағы автомобиль жолының бойында нығайту жұмыстары жүргізілді. Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Ырысты, Жантақсай ауылдарының аумағында ұзындығы 21 шақырымды құрайтын уақытша бөгеттер тұрғызылып, құм толы 85 ...
Толығырақ »ЖҰМЫСЫН ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗУДЕ
Мақтааралда арыстық арнайы топ өз жұмысын қарқынды жұргізуде, деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданындағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою және үкімет тарапынан берілетін бір ретік өтемақыларға құжаттарды қабылдауға жәрдемдесу мақсатында, Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлының жетекшілігімен құрылған арнайы жұмысшы тобы Мырзакент елді-мекенінде өз жұмысын бастады. Жұмысшы топтың құрамында қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай, ...
Толығырақ »ЖУРНАЛИСТЕР ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ
Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек беру ісінен Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы журналистер қауымы да шет қалған жоқ. Бір топ БАҚ өкілі ең алдымен Мақтаарал ауданы Ізгілік ауылы Т.Әубәкіров атындағы орта мектебінде орналасқан Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Мұнда қазір тасқын судан зардап шеккен 207 адам орналастырылған. «Үш мезгіл тамақ беріледі. Арнайы медицина мамандары тексеру ...
Толығырақ »ЖАҢА АУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 200 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АУДАРАДЫ
Мақтаарал ауданында жаңадан тұрғызылатын ауылдың құрылысына белгілі қоғам қайраткері, меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 200 миллион теңге аударады. Бұдан бөлек, қор тарапынан қиын жағдайға тап болған әрбір жанұяға 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қор директоры Қасым Қасабеков мәлімдеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның айтуынша, Мақтаарал ...
Толығырақ »ЖАҢАДАН 500 ҮЙ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдай Министрінің бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев және Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Мақтааралдағы су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz порталы. Брифинг барысында Мемлекеттік комиссия шешімімен жүзеге ...
Толығырақ »300-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдай Министрінің бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев және Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Мақтааралдағы су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz порталы. Брифингке қатысқан Өзбекстан Республикасының ТЖМ бірінші ...
Толығырақ »КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков аудандағы 11 ауылдық округтердің тазалық мәселесіне баса назар аударып, көріктендіру-көгалдандыруды және ауданның ажарын ашатын сәулеттік келбеттерін қалыпқа келтіруді қолға алды. Ең үлкен көшенің көрікті болуы – маңызды. Осыған көңіл аударып, Ақсукент ауылдық округінің орталығы Жібек жолы көшесін аралады. Аралау барасында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстар баяу жүріп жатқандығын атап өтіп, ауыдық округі әкімі мен тиісті бөлім ...
Толығырақ »ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТА БЕРСІН
Түркістандық кәсіпкер 3 миллионнан аса қаржыға аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік өнімдерін таратып берді, деп жазады деп жазады қалалық «Түркістан» газетінің тілшісі Ирода Мухамеджанованың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ел ішінде қайырымды азаматтар баршылық. Осындай қайырымды жандар қатарында «Түркістан несие» ЖШС директоры Рахманжан Мавлянов және ол басқарып отырған мекеме ұжымы бүгінгі әлемдік деңгейдегі экономикалық дағдарыс, сонымен қатар аты жаман індет – ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК
Сонымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы тасқын қаупіне ұшырағандарға және үйлерін су басып қалғандарға төмендегідей көмек көрсетілетін болды. Ауылын су басқан 6127 адамға 100 мың теңгеден беріледі. Мұнда қазіргі есеп бойынша 845 отбасы бар. Егер бір отбасыда 5 адам болса 500 мың теңге алады. Алишер Усмановтың қоры аудан бойынша эвакуацияға ұшыраған тұрғындар үшін 5,2 млн $ аударды. Бұл 2,3 млрд теңге ...
Толығырақ »САРБАЗДАР ТОЛАРСАҚТАН САЗ КЕШУДЕ
Мақтааралдағы техногендік апаттың салдарын жою үшін Шымкент қаласынан келген 35748 әскери бөлімі өздерінің кәсіби мерекелерінде толарсақтан саз кешіп, қызыл су басқан аймақтан табылды. 112 адамнан тұратын топты аталған әскери бөлім басшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Рахматулла Тасполаев бастап келіп, су астында қалған елдімекендерді тазалау және халыққа көмек беру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жол ...
Толығырақ »КЕЛЕШЕК КҮНДЕРІМІЗ ЖАДЫРАЙТЫН БОЛАДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады. Тасқын судың зардабын шеккен эвакуациялық пунктердегі азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру үшін арнайы қойма жұмыс істеп жатыр. Қазір жағдай тұрақталып, әкімдік қызметкерлері және ерікті жандар тынымсыз қызмет етуде. Бүгінде “ЕРІКТІЛЕР ШТАБЫНЫҢ” жұмысы қызып, еріктілеріміздің саны күннен күнге артуда. Арнайы қоймаларда азық-түліктен басқа жеке бас гигенасына арналған заттар, киім-кешектер жиналуда. Бүгінге ...
Толығырақ »«JAS OTAN» ЖӘРДЕМ ЕТУДЕ
Түркістан облысы Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Біргеміз, Мақтарал» еріктілер штабында 150 жуық еріктілер зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен олардың қиын жағдайдағы жан — жақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда Штаб жанынан облысымыздың өзге өңірлері мен аудандарындағы волонтер жастардың бастамаларымен ұйымдастырылған көмек керуендерін қарсы алып, қауіпсіз аймақтарға орналастырылған халыққа азық — түлік пен қажетті ...
Толығырақ »МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МАРАТ МАРАПАТТАЛДЫ
Ішкі істер саласының қызметкерлері өздерінің қызметтік және азаматтық борышын орындау кезінде күнделікті өмірлеріне қауіп төнеді, адамдарды апаттан құтқарады және өмірлік қиын жағдайларда көмек көрсетеді. Бүгін осындай батыр полицейлерді ҚР ІІМ-нің өзі марапаттады. Марапатталғандардың арасында мұз астына батып бара жатқан баланы құтқарған ТО ПД-нің полицейі Марат Рахметұлы бар. Ол Жетісай АПБ-нің анықтаушысы, полиция капитаны лауазымында қызмет атқарады. Мараттың батырлығы турасында нақтырақ ...
Толығырақ »ЖҮЗДЕН АСТАМ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облыстық Полиция Департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов Полиция департаментінің мәжіліс залында өткен салтанатты шарада арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын ПД-нің полицейлері мен Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ...
Толығырақ »ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су астында қалған ауылдардың халқымен кездесіп, оларға мемлекеттік комиссия шешімін жеткізді. Уақытша ашылған орталықтарда азаматтардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, мұң-мұқтажын тыңдады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Сарыағаш ауданының әкімдігіне бекітілген Игілік ауылындағы орта мектептегі эвакуациялық ошақта Жаңатұрмыс ауылының 200-ден астам тұрғыны орналасқан. Барлық эвакуациялық орталықтар азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі ...
Толығырақ »«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ
Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына «Nur Otan» партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл көмек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы бойынша жолданып отыр, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Тұрғындарға бірінші кезектегі қажет заттар мен азық-түлік Мақтаарал ауданындағы апатқа байланысты құрылған штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Партия ұсынған ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылық құрамы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда қызметінде көп жыл жұмыс істеген ішкі істер органдары ардагерлерінің отбасыларына барды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, ТО ПД ...
Толығырақ »МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Баршаңызды 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тұғырлы Тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымызға қол жеткізу қаншалықты қиын болса, оны сақтап, қастерлеу одан да жоғары жауапкершілікті талап етеді. Қорғаны мықты халық қана баянды болашаққа бет түзеп, барлық бағытта даму үдерістеріне қол жеткізе алады. Бүгінгі таңда елімізде Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында шеп түзеп, антына адалдық танытамын деген азаматтардың қатары күн ...
Толығырақ »ӘБІЛМӘМБЕТ ХАННЫҢ ОРДАСЫ
1743 жылы жазда Абылай сұлтан жоңғар тұтқынынан босап, аман сау өз жұртымен қауышады. Міне, осы кезден бастап, бүкіл Орта жүздің сыртқы саяси тізгіні біржолата Абылайдың қолына көшеді. Ал Әбілмәмбет хан болса өз еркімен сыртқы саяси мәселелерді немере інісіне тапсырып, өзі 1744 жылдың жазында Түркістан қаласына келеді де, біржолата осы қалада тұрақтанады. Оның Түркістанға келіп, хан сайланылуы туралы орыс тыңшысы Мансұр ...
Толығырақ »ШӨКЕЕВТІҢ ҮШ ҰСЫНЫСЫ
Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан Нұрлыжол, Өргебас, Фирдоуси ауылдарын аралап, елдімекен тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елдімекенінде жиналыс өткізді. Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия шешімімен Мақтаарал ауданындағы қызыл су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді. Мырзакент елдімекенінің ...
Толығырақ »ӨЗБЕКСТАННАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК ЖЕТТІ
Бүгін Мақтаарал ауданына техника және мамандарымен Өзбекстан Республикасынан арнайы топ келді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпаратық агенттігі. Олардың қатарында 40-тан астам арнайы техника мен 200-ге жуық маман келген. Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаваторлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері, тұрғындарды тасымалдайтын автобустар да бар. Көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет ...
Толығырақ »