Түркістан облысы Төлеби ауданында тұрғын үйлерге келген залалды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сайрам ауданынан 19 техника, 45 жұмысшы барды. Жұмысшы топқа Сұлтан -Рабат елді мекеніндегі Сауран көшесі бекітілді.
Сауран көшесіндегі нысандардың жалпы саны – 203 болса, оның 122-сі тұрғын үй, 80 кәсіпкерлік нысан және 1 мектеп. Онда Сайрам ауданынан барған 45 кісілік жұмысшы топ 19 техниканың көмегімен судан келген залалға тосқауыл қоюға күш салуда.
Атап айтсақ, 2 автобус, «Сайрам Тазалық» ЖШС-нің 5 ассентизатор автокөлігі мен 4 мотопомпа, 2 погрузчик, 1 Хово, 3 Камаз, 2 эксковатор көрші аудандағы Сұлтан-Рабат елдімекенінде. Қазір жұмысшы топ Сайрам ауданына бөлінген көшедегі үйлерді қаншалықты су алғаны, одан келген залал көлемін анықтау және қажет жағдайда ауладағы жиналған суды шығару, үйге төнетін қауіпті сейілті барысында еңбек етуде.
Айта кетейік, Сайрам ауданынан Төлеби ауданына 6 газельмен 7 млн теңгені құрайтын 10 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
© Сайрам ауданы əкімінің баспасөз қызметі