Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЙЫРЛІ ІС – КӨҢІЛГЕ МЕДЕУ

ҚАЙЫРЛІ ІС – КӨҢІЛГЕ МЕДЕУ

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібековтің шұғыл тапсырмасына сәйкес, Төлеби ауданына көмек ұйымдастыру қолға алынған болатын.

Сайрам ауданының кәсіпкерлері мен басқа да ерікті жанашырлар тарапынан жасалған демеушілікті аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ұйымдастырып, азық-түлік және гигиеналық тазалыққа қажетті затарды 130 отбасына үлестірді.

— Табиғаттың тосын құбылысынан жайсыздыққа тап болған Төлеби ауданының тұрғындарына Сайрам ауданының жанашырларының аманатын түгел таратып шықтық. Әуелі 2 газель гуманитарлық көмек ұйымдастыруды жоспарлағанбыз. Алайда, қайырлы іске жаны құмар жерлестеріміздің әкелген заттарын 6 газельге тиеп, жеткізуге тура келді, — деді М.Оразалиев.

Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әбдібек Зиятайұлы мен Гүлжан Сайрамбекқызының таңға дейін көмек қорын ұйымдастырып, белсенді жұмыс жасауда.

Еске  сала кетейік, 13 мамыр күні Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан сел тасқыны орын алған болатын. Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінде су деңгейінің көтерілуінен 4 үй, 376 аула аумағын су басты. Жергілікті маңызы бар төрт көпірді су шайып кетті. Қазіргі кезде Түркістан облысының ТЖД жанынан департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінен құралған жедел штаб құрылып,  су тасқыны зардабын жоюға жұмыла кірісуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу