Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ТӨЛЕБИГЕ БАРДЫ

МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ТӨЛЕБИГЕ БАРДЫ

Қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты.
Мақтааралда жүрген жастар бұл хабарды естіген бойда түнгі 04:00-де жедел алғашқы көмекті жеткізу мақсатында жолға шықты. Тұрақты жағдайды көрген жастар аудан халқы мен басшылармен жолығып, сұраныс бойынша алдағы күнде қажетті заттар жеткізілетінін айтты.


Төлеби ауданы, Киелітас а/о, Сұлтан-Рабат ауылы, Сауран көшесінде және Достық елдімекені Жылқыбаев көшесінде аудан аумағында жауған нөсерлі жаңбырдың суы жалпы жиыны 77 тұрғын үйдің ауласына кіргені туралы хабарлама түскен. Тұрғындар Ленгер қаласындағы N8 колледжге жайғастырылып, тиісті заттармен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Көксәйек а/о, N9 колледжде эвакуациялық бөлімше әзірленген.


Сонымен қатар, Леңгір қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы мектеп пен Киелі тас ауылындағы Сұлтан Рабат мектебінде эвакуациялық орталықтар құрылды.
Ең бастысы, тұрғындар аман!

Пікір жазу