Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 50)

Әлеумет

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА ЕСКІ ӘКІМІ

Шымкент қаласының жаңа әкімі болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Бұл қызметте ол Нұрлан Сауранбаевты алмастырды. Мегаполистің жаңа әкімін қалалық активке Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Олар Ғабидолла Әбдірахымовқа сәттілік пен ауқымды жобалардың жүзеге асырылуын тіледі.     Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов бұған дейін Шымкентті облыс орталығы кезінде басқарған болатын. Қала әкімі қызметіне 40 жасында тағайындалған. Оған дейін ...

Толығырақ »

ШАҒЫН АУДАН «АСТАНА» БЕРДІ БІЗГЕ БАСПАНА!

Жаңа «Астана» шағынауданы тұрғындарына пәтер кілттері тапсырылды. Шымкент қаласында «Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» акциясы аясында «Астана» шағынауданы мен «Астана» гүлзары ашылды. Сонымен қатар, тұрғындарға облыстық әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан осы шағынауданнан жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды.Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев көпшілікті осы қуанышты сәтпен құттықтады. – Шымкент – елімізде Астана мен Алматы ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚТАР АҢ-ТАҢ – ҚАРСЫ АЛАДЫ «FONTAN»!

Шымкент қаласында «Fontan» аквапаркі ашылды. Салтанатты жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады. – Міне, баршамыз қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Жаңадан ашылып отырған заманауи аквапарк барлық талапқа сай етіп жасалған. Бүгінде қаламызда халықтың тынығып, демалуына арналған орындар көбейіп келеді. Мәселен, жуырда ғана қаланы қақ жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойын абаттандырылып, суға шомылуға ...

Толығырақ »

ҚОС-ҚОСЫНАН АШЫЛҒАН БАЛАБАҚША

Шымкентте екі балабақша – №17 «Достық» және №37 «Әйгерім» (коррекциялық) бөбекжай-балабақшалары пайдалануға берілді. Ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған бөбекжай-балабақшалар заман талабына сай жабдықталған. «Достық» балабақшасы – 50, ал «Айгерім» бөбекжай-балабақшасы 55 орынға лайықталған. Жеке спорт залы және дәрігер бөлмелері бар.     Балабақша ғимаратын «Otau ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Қала әкімі Н.Сауранбаевтың Шымкенттің республикалық дәрежедегі қала атануымен құттықтауы Құрметті шымкенттіктер! Қадірлі жерлестер! Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкентке республикалық қала дәрежесін беру туралы Жарлыққа қол қойғанын баршамыз асқан қуанышпен қарсы алып отырмыз. Осы сәттен бастап елімізде үшінші мегаполис, он жетінші аймақ пайда болды. Шынында да тарихи саналатын бұл сәтке біз ұзақ уақыт жеттік. Енді Астана және Алматы тұрғындарымен бірге ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНДЕГІ БАСҚОСУ

Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі Нұрлан Сауранбаев төрағалық еткен арнайы мәжіліс өткізілді. Оған қала әкімінің орынбасарлары Бейсенбек Жанбосынов, Қайрат Нұртай, Ғабит Мәуленқұлов, Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері және «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің басшылығы қатысты. Күн тәртібіне бір ғана мәселе шығарылды – 1979 жылы пайдалануға берілген Ғани Мұратбаев атындағы балалар темір жолының жұмысын жандандыру тиімділігі. Мәжіліске қатысқан азаматтар ...

Толығырақ »

ШЫМҚАЛАНЫҢ БАСТАМАСЫ

Шымкенттің төрт ауданында қаланың жаңа дәрежесіне байланысты конференциялар өтті. Осыдан біраз бұрын, 17 мамыр күні Мемлекет басшысы Шымкент үшінші миллионды қала атанғаны туралы ресми мәлімдеген болатын. Аудандарда өткен конференцияларға мыңға жуық адам қатысты. Олар – көшелер мен үй төрайымдары, қаланың ақылдастар кеңесінің мүшелері. Конференциялар барысында тұрғындар осынау оқиғаға қатысты өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, Шымкенттің дәрежесі өзгеруіне байланысты бір ауыздан үндеу қабылдау ...

Толығырақ »

ӘЛЕМДІК РЕКОРД ЖАҢАРДЫ

Шымкенттің миллион тұрғыны бар ірі қалалар – мегаполистер қатарына қосылуына орай, облыс орталығының тұрғындары қолдарын жазып бүгу жаттығуын миллион рет орындады. Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері болды. Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС – 2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, қала басшысына ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ – ТУРИСТІК НЫСАН

Қазақстандағы жалғыз балалар темір жолы Шымкентте ғана салынған. Келер жылы оның пайдалануға берілгеніне 40 жыл толады. Ит егесін таппай қалған 90-жылдары балалар темір жолының кенет тоқтап қалғанына шымкенттіктердің басым көпшілігі қынжылғаны рас. Мыңдаған балалардың қуанышына айналған осынау ерекше жолдың қайта «тіріліп», қалалық өмірдің айнымас бір бөлігіне айналғанын бәріміз де іштей тілеп жүретінбіз. Десек те, 2015 жылы «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің ...

Толығырақ »

НҰРЕКЕҢ – ЖАНАШЫР ЖАННЫҢ БІРІ ЕКЕН!..

Шымкент қаласының көркіне көрік қосып, айнымас белгілерінің біріне айналған Балалар темір жолының алдағы тағдырына қала әкімі Нұрлан Сауранбаев оң көзқарас танытты, деп хабарлайды DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігінің тілшілері. Кей азаматтардың: «Бұл жолдың болашағы жоқ, оны түбегейлі бұзып тастау керек!» – дегеніне қарамастан, қала басшысы «бәріне көзімді өзім жеткізейін» деген адамдай, Балалар темір жолын тұтас – мына басынан ана басына дейін жаяу ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНА КӨҢІЛ АУДАРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев бірқатар орынбасарларымен және бөлім басшыларымен облыс орталығындағы Балалар темір жолын бастан-аяқ жаяу аралап өтті. Ондағы басты мақсат – темір жолдың қазіргі жай-күйін өз көзімен көру, оны қалпына келтіру мүмкіндігін саралау, оның болашақтағы тағдырын түбегейлі шешу. Аралау барысында қала әкімі өз орынбасарларының, қалалық бөлім басшыларының, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің қызметкерлерінің, бірқатар БАҚ өкілдерінің Балалар темір жолына ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ – БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР МА?

Шымкенттегі Ғани Мұратбаев атындағы балалар темір жолы сонау 1979 – Халықаралық бөбектер жылы іске қосылды. Алда келе жатқан 2019 жылы тура 40 жыл толады екен. Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары Асанбай Асқаровтың көзіндей болып қалып кеткен осынау ғажап нысан жетім баланың күйін кешіп келді. Оның болашағы не болар екен деген сауал шымкенттіктердің ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың сары уайымына айналды. Тіптен, оны ...

Толығырақ »

МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші  мегаполисі атанды. Сіздерді осынау тарихи маңызды оқиғамен құттықтаймыз! Жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары. Миллионды қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды ...

Толығырақ »

НОВАЯ РОДСТВЕННИЦА АБЛЯЗОВА?

Итак, шымкентская блогерша Ардак Ашим решением Абайского суда отпущена на свободу. Но поскольку медики признали ее психически невменяемой, суд принял постановление об амбулаторном наблюдении на дому. Но давайте попробуем реально разобраться, как могут сложиться дальнейшие планы нашей героини в ближайшей перспективе? После судебного процесса с участием судмедэкспертов и врачей психдиспансера ее сторонники, адвокат и родные согласились что она, действительно, психически ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі «Түркістан археологиялық экспедициясы» жобасы аясында Түркістан қаласындағы Бабайқорған ауылдық округінің Мерген төбе жерінде археологиялық қазба жұмыстарын бастады. Аталған қазба орны Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жаңақорған өзенінің жағалауында орналасқан. Бүгін аталған орынға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов арнайы барып, жасалған жұмыстармен танысты. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында киелі жерлердің Қазақстан ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы RIXOS KHADISHA SHYMKENT қонақ үйінің мәжіліс залында іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қазақстан – Өзбекстан бизнес-форумы өтті. Форум барысында тараптар бірлескен бизнес жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайында ынтымақтастықты дамытуды сөз етіп, экспорт пен импорт бойынша үшінші елдерге кіру жайын талқылады. Форум жұмысына екі елдің елшілері Ерік Өтембаев пен Саидикрам Ниязходжаев, ҚР инвестициялар және ...

Толығырақ »

KADEX-ТІ ЕШКІМ «ҚАДАП» КЕТПЕСІН ДЕСЕК…

Елордамыз Астана қаласында үстіміздегі жылы мамыр айының 23-26 жұлдыздары аралығында ҚР Қарулы Күштерінің қажеттіліктеріне сәйкес отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейту және даму перспективалары, олардың өнімін шетелдік нарыққа ұсынуға жәрдемдесу мақсатында «KADEX – 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтеді. Авиациялық техникаларды, ғарыш технологияларын, ІТ технологияларды, байланыс жүйелері мен құралдарын, робототехника мен баламалы қуат көздерін көрсетуге бағытталған көрмеде жетекші әлемдік өндірушілердің ...

Толығырақ »

ТҮЙМЕБАЕВТЫ «ТЕНТІРЕТКЕН» ТҰЛҒАЛАРДЫ ТАНЫМАДЫҚ…

Өткен апта соңында ел назарын өзіне аударған бірқатар мәдени-тарихи шара ұйымдастырылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бәйдібек ауданының 90 жылдығына және ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өткізілді. Оған ел сүйіспеншілігіне бөленген айтыс ақындары Ақмарал Леубаева (Бәйдібек ауданы), Нұрлыбек Мейірманов (Бәйдібек ауданы), Қажымұқан Абзалов (Бәйдібек ауданы), Біржан Байтуов (Бәйдібек ауданы), Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы), ...

Толығырақ »

САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢЕ АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН ШЫМКЕНТІМ-АЙ!..

Шымқала тұрғындары да бүкіл еліміз сияқты Ұлы Жеңіс күнін мерекелеп, аталар ерлігіне тағзым етті. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Шымкенттіктер Ұлы Жеңіс күні мерекесін атап өтті» деген ақпарат та жарияланды. Әттеген-айы сол, шала сауатты жазылған сөйлемдердің астарында ерлікті де, тағзым етушілерді де қасақана мазақ етіп отырған базбіреудің шикі әрекеті есіп тұрғандай. Мәселен, «Әр қазақстандықтың үйінде сонау сұрапыл соғыстың ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының əкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы ҰОС ардагерлері Бекназар Айтжан Тассейітұлы мен Қазыбаев Абылай Қазыбайұлының шаңырақтарында болып, Жеңіс мерекесімен құттықтап, қарт жауынгерлерге зор денсаулық, отбасыларына молшылық тіледі, сый-сияпат табыс етті. Шымкент қаласында жалпы зейнеткерлер саны 73087-ге  жуық болса, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектері – 74, тыл ардагерлері – 4775 адам болып отыр. Аталған санаттағы ардагерлер мен зейнеткерлер Шымкент қалалық маслихатының ...

Толығырақ »

ЖЕР ТЕЛІМІН МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРҒАН…

Шымкент қаласының әкімдігі Қошқар ата өзені бойын абаттандыруға үлес қосқан 28 азаматқа алғыс білдіреді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді. – Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру жұмысының бірінші кезеңі бойынша өзеннің екі жағалауынан 10 метр жерді абаттандыру жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл жұмысқа өзен бойындағы 96 жер учаскесі кедергі келтірді. Оның 20-сы – үй, 14 – жеңіл құрылыс нысаны, 33 ...

Толығырақ »

ИГІ ІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

Ордабасы ауданындағы Қалдыбай Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің жас та жаңашыл директоры Гүлнұр Сүлейменованың бастамасымен ауыл азаматтарының басы қосылып, «Туған жерге тағзым!» акциясы өтті. Акция нәтижесінде оқу ордасының ауласында алақандай ауылдан Ұлы Отан соғысына аттанған 200 ардагердің есімі қашалған ескерткіш бой көтеріп, мәңгілік алау жағылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуына Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков, ауыл ардагерлері, аудан мен облыс зиялы қауым ...

Толығырақ »

БАРЛЫҚ ҒАЛАМ МАХАББАТТАН ЖАРАЛҒАН…

Отырар аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, яғни ғашықтар күніне орай халқымыздың ауыз әдебиеті арқылы аттары аңызға айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен махаббат рәміздері болған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Сауран мен Бәтима және т.с.с. ғашықтардың жырларын кеңінен дәріптеу мақсатында «Барлық ғалам махаббаттан жаралған» атты IV аудандық байқау өткізілді. Байқауды мәдениет және тілдерді ...

Толығырақ »

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДА

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Батырлар жырын оқығанда …» атты 8-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында батырлар жырын мәнерлеп, жатқа оқудан дәстүрлі III-ші аудандық байқауы болып өтті. 8-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында қазақ халқының батырлық эпосын насихаттап, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерді дарыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға 13 ауылдық округтен 13 ...

Толығырақ »

ЕЛ ТІРЕГІ, ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елордамыз Астанаға 20 жыл толуына орай «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында «Ақылды қала – Астана, Мәңгілік елге – Бас қала» атты аудандық байқауы өтті. Байқау ҚР-сы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, оқырмандарға кеңінен насихаттау, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық ...

Толығырақ »