Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ


Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада
264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырып, «Жастар – Отанға» жобасын жүзеге асыруды жалғастырады.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен алдағы 5 жылда төмендегідей істер жүзеге асырылады:
➢ 2019-2021 жылдары өз ісін бастаймын деген жастарға жыл сайын «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4 500 жасты оқытып, кемінде 2 000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлуін қамтамасыз етеді;
➢ «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде
100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға жағдай жасайды;
➢ 15 мыңға жуық жастарды жастар практикасына бағыттап, өзінің қабілетін ашуға мүмкіндік береді;
➢ Жұмысшы жастарды ынталандыру үшін жыл сайын 900 пәтерден 3 жылда 2700 пәтер беріледі;
➢ 2021-2022 жылдары студенттерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 2 500 орындық жатақхана салынады.
➢ Волонтерлік ұйымдарды қолдау мақсатында, үздік 10 жобаға 1 миллион теңгеден грант бөлінеді;
➢ Арнайы Коворкинг орталығы ашылады;
➢ Көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру институты іске асырылады.
ЖАСТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, БАСПАНА, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ БОЛАДЫ.

«Nur Otan» партиясының
Шымкент қаласы бойынша
Сайлауалды бағдарламасынан!

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу