Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » Мәдениет және туризмді дамыту

Мәдениет және туризмді дамыту

2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің Мәдени Астанасы болып атанды. Бұл қаламызға келетін туристер саны еселеп артады деген сөз. Ол үшін қазіргі мәдени нысандарды жаңартып, жаңа нысандарды салуымыз керек.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен мынадай істер жүзеге асырылады:
➢ Ескі қалашықтағы «Цитадель» мұражайын қайта құру жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады.
➢ 2021-2022 жылдары Амфитеатр бой көтереді;
➢ 2023 жылы Зообақ және Дендросаябақ жаңартылады;
➢ 2024 жылы Қошқар ата өзенінің бойы абаттандырылады;
➢ 2025 жылы Абдел-Азиз баб, Ибрагим ата, Мирали баб, Қарашаш ана, Қызыр мұнарасы, Сайрам (Исфиджаб) қалашығы толық жаңартылады;
➢ 2022-2023 жылдары 3 тематикалық саябақ («Гастросаябақ», «Қызғалдақтар», «Дастархан» саябақтары) ашылады;
➢ Қалада мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалынады;
➢ Этноконфессияаралық ахуалдарды мониторингілеу мен қарама-қайшылықтарды жедел оқшауландырудың тиімді тетіктерін қалыптастырады;
➢ Тарихи мұраны, археологиялық ескерткіштерді, архитектураны, мәдениет объектілерін сақтауға бағытталған ғылыми, археологиялық және туристік жобалар іске асырылады.
Нәтижесінде Шымкент қаласының туристік әлеуетінің, оның ішінде тарихи-мәдени және зиярат ету туризмі әлеуетінің жоғары екендігін көрсетіп, 2025 жылға қарай туристер санын 1 млн-ға жеткіземіз.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу