Ұрпақ саулығы – дене шынықтырудан басталады. Партия алдағы бесжылдықта тұрғындарды бұқаралық спортқа жаппай тартуды мақсат етіп отыр. Қала тұрғындарының 28,6 пайызы жүйелі бұқаралық спортқа тартылған. Халықтың ұдайы көбеюіне байланысты спорт нысандары жетіспейді. Аулаларда бүлдіршіндерді спортқа баулуға жағдай жасаймыз.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының қолдауымен мынадай нақты істер атқарылады:
➢ 2023-2024 жылдары спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 4 дене шынықтыру – сауықтыру кешені салынады;
➢ 2021-2022 жылдары 6 стрит-воркаут және 73 спорт алаңдары ашылады (Абай ауданында – 30, Еңбекші ауданында – 6, Қаратау ауданында – 22, Әл-Фараби – 15);
➢ 2021 жылы 177 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылады (Абай ауданында – 31, Еңбекші ауданында – 29, Қаратау ауданында – 49, Әл-Фараби – 69);
➢ 2022 жылы 137 аула абаттандырылады (Абай ауданында – 25, Еңбекші ауданында – 17, Қаратау ауданында – 39, Әл-Фараби – 56);
➢ Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің филиалдары барлық шағын аудандарда ашылады;
➢ 2022 жылы Металлургтер стадионы қайта құрудан өтіп, көпсалалы спорттық кешен салынады;
➢ 2023 жылы Қажымұқан атындағы орталық стадион қайта құрудан өтеді;
➢ Жаңадан ипподром салынып, ұлттық ат спорты түрлерінен мектеп ашылады;
➢ Қалада жыл сайын кемінде 300-ге жуық спорт іс-шаралары (велошеру, стрит воркауттан қала чемпионаты, Шығыс жекпе жектері, жауынгерлік өнер фестивалі, футбол, футзал, шағын футбол, күрес, Наурыз мерекесіне арналған спорттық бұқаралық жарыстар) ұйымдастырылып, 45 мың тұрғын қамтылады.
Нәтижесінде қалада денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін 28,6 пайыздан 33 пайызға дейін жеткіземіз!
«Nur Otan» партиясының
Шымкент қаласы бойынша
Сайлауалды бағдарламасынан!
Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.