Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » Жаңа әуетерминалының құрылысы бойынша жұмыстар барысы

Жаңа әуетерминалының құрылысы бойынша жұмыстар барысы


Қәзіргі таңда Шымкент қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде, аталған жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 18-01-7.14. тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.
2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Үкіметінің №747 қаулысымен «Аэропорт Шымкент» АҚ-ы Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне берілді. Жыл сайын жолаушылардың өсуі мен Шымкент қаласының даму перспективаларына сәйкес 2,8 га жер теліміне жаңа терминалдың құрылысын салу шешімі қабылданған.
2018 жылдың 5 қыркүйегінде Шымкент қаласы әкімдігі мен «SCAT әуекомпаниясы» АҚ-ның арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, «SCAT әуекомпаниясы» АҚ-ы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысын бастаған.
Жаңа терминал құрылысы аяқталуы нәтижесінде жолаушы өткізу қабілеті сағатына 2000 адамды құрайтын болады.
Жобаның құны 12.6 млрд.теңгені құрайды.
Жобаның жалпы аумағы
га
2,8
Ғимараттың жалпы аумағы
м2
35000
Өткізу қабілеті
Жолаушы/сағатына
2000
Қабаты

4

Бүгінгі таңда, жобаның екінші кезеңіне сәйкес, терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждау мен желдеткіш жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, багаждық жүйенің құрылғылары, лифтілер, эскалаторлар мен телескопиялық траптар жеткізілді.
Жалпы жобаның орындалу көрсеткіші – 80% құрайды.
Бұл ретте, құрылыс жұмыстарының атқарылуы мен терминалға қажетті құрылғылардың жеткізілу мерзімдерін ескеріп, терминалды 2022 жылдың I-тоқсанында іске қосу болжануда.
Одан бөлек, 2020 жылы 874 млн.теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталып, жобалық құны 1,7 млрд.теңгені құрайтын жаңа терминалға апаратын кірме жолды қолданысқа беру ағымдағы жылдың қазан айына жоспарлануда.
Сондай-ақ, инженерлік желілерді салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, (жобаның құны 6,1 млрд.теңгені құрады) аталған желілерді салуды 2021 жылдың соңына дейін аяқтау күтілуде.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу