Жол – экономиканың күретамыры. Сондықтан жолдардың сапалы әрі талапқа сай болуы – орнықты әрі табысты дамудың кепілі.
«Nur Otan» партиясының мақсаты – жолдардың, қоғамдық көліктің сапасын жақсарту, әуе және темір жол жолаушыларына ыңғайлы жағдай жасау
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бақылауымен алдағы 5 жылда мынадай істер қолға алынады:
➢ 2020 жылы 65 көшеде және 2 көпірде күрделі, 227 көшеде орташа жөндеу жүргізіледі;
➢ 2021 жылы қаладағы топырақ жолдарға толығымен тас төселінеді;
➢ 2022 жылы 13 магистралды жол қайта құрылады;
➢ 2021-2025 жылдары 2 үлкен жолайырықтың (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би – Арғынбеков) және 4 көпірдің (2020 ж. — 3, 2021 ж. – 1) құрылысы жүріп, іске қосылады;
➢ 2021 жылы №1 автожол, Әл-Фараби көшесінің жалғасы, ал 2022 жылы Адырбеков көшесі қайта құрудан өтеді;
➢ 2023 жылы Ташкент-Алматы бағытында көлікті өткізу қабілеттілігін арттыру үшін Қонаев даңғылының жалғасы салынады;
➢ 2023-2024 жылдары қаланың транзиттік айналма жолдарын толығымен шеңберлеу үшін А-2 айналма жолының құрылысы аяқталады;
➢ 2020 жылы қоғамдық көлік саласында автобустар толығымен жаңартылып, 590 жаңа автобус алынады;
➢ 2020 жылдың соңына дейін қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі;
➢ 2020-2021 жылдар аралығында жаңа әуежай терминалы салынады;
➢ 2020-2021 жылдары аралығында темір жол вокзалы қайта құрудан өтеді;
➢ 2021 жылы «Shymkent-bike» жүйесі жандандырылады.
«Nur Otan» партиясының
Шымкент қаласы бойынша
Сайлауалды бағдарламасынан!
Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.