Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Шымкент – жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы қала болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы көшелерді жарықтандыруға, бүкіл қаланы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Шалғайда орналасқан 40 елді мекеннің орталық көшелері мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдары жарықтандыруды қажет етеді. Қазіргі таңда 25 мектептің дәретханалары сыртта орналасқан.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей жұмыстарды атқарады:
➢ 2021-2023 жылдары онлайн-режимде жұмыс жасайтын 2000 бейнебақылау камерасы іске қосылады;
➢ 2020 жылы 133 мектепте ішкі бейнебақылау камералары орнатылады;
➢ Жол қозғалысын реттейтін – 1000, қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын 500 камера орнатылады;
➢ 2020-2021 жылдары 25 мектептің дәретханалары мектеп ғимаратының ішіне орналастырылады;
➢ 2020-2021 жылдары қаладағы 4 аудандық полиция басқармасының жанынан «Бір терезе» қағидаты бойынша фронт-офистер ашылады.
Нәтижесінде қаладағы барлық көшелер мен аулалар жарықтандырылып, бейнебақылау камералары орнатылады.

«Nur Otan» партиясының
Шымкент қаласы бойынша
Сайлауалды бағдарламасынан!

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу