Бүгін Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент қалалық филиалы әдеби жыл қорытындысын өткізді. Әлемді дендеген пандемияның салдарынан бірер жылдан бері үзілген үрдісті қаламгерлер қауымы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қайта жаңғыртты. Әдеби жыл қорытындысына арналған жиынға жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Дәркен Танабайдың айтуынша, кейінгі үш жылда 30-дан астам кітап жарық көрген. — 18 мамырда Алматыда Қазақстан жазушылар одағының ...
Толығырақ »Шымкент
ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ХИРУРГТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Шымкентте еліміздегі балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаевтың 85 жылдығына арналған II-балалар хирургтарының форумы өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Халықаралық шараға Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Орта Азия елдеріндегі балалар хирургиясы қоғамдастығының төрағасы қатысты. Форумның алғашқы күнінде білікті мамандар педиатриялық қызмет турасында түрлі тақырыпта баяндамалар оқыды. Екінші күнінде қалалық клиникалық балалар ауруханасында травматологиялық, ...
Толығырақ »МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУДА ЖҮЙЕЛІЛІК БАСТЫ НАЗАРДА
Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында осы жылдың бірінші тоқсанында қаладағы бірқатар медицина мекемелері жаңа қызметпен және жаңа құрал — жабдықпен толықты. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Тлеуов есеп берді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеген didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сала маманы есепті кезеңде қалалық балалар ауруханасында онкогематология, кардиохирургия, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР 2 БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ
Шымкенттік өрт сөндірушілер екі баланы өрттен құтқарды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласында 10 мамыр күні 18.45-те «112» құтқару қызметіне 4 шағынауданы Р.Қабылбеков көшесіндегі құрылысы бітпеген ғимараттың жертөлесінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқару қызметіне хабарласқан зардап шеккен жас балалар екен. Жертөледе 2011 және 2012 жылы туылған екі бала отпен ойнаған. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫНДА 41 ҮЙ САЛЫНУДА
Қазіргі таңда еліміздегі тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Шымкент қаласында биыл осы жылы жоспарланған 51 үйдің барлығын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 41 тұрғын үйдің құрылысы Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында жүргізілсе, 10 тұрғын үйдің құрылысы әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын аралап, ондағы ерекше қызметті қажет ететін жандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды didarbek.kz ақпарат агенттігі. Аралау барысында қала басшысының орынбасары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың оңалту орталығының қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныс-тілектерін тыңдады. Дәрігерлерге қосымша көмекшілер бөлінсе жақсы болар еді. Қызметтері оңай емес. Бізге жанашырлық танытып мейірім- ықыластарымен қарайды. Ол ...
Толығырақ »ӨҢІРЛІК КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Парламент депутаттарының бастамасымен дайындалған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының нормаларын түсіндіру бойынша республикалық кеңес отырысына онлайн қатысты. Жиынды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Салтанат ...
Толығырақ »АРБАТТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
15-мамырда бүкіл әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді. 1993 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. ...
Толығырақ »ОҢАЙ ОЛЖА ОРҒА ЖЫҒАДЫ
Шымкентте қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Оңай олжа орға жығады» атты жастармен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды қалалық ақпаратық-коммуникациялық орталыққа сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.. Кездесудің мақсаты – жастарды қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардан сақтандыру. Басқосуға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Исахов, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментіне ...
Толығырақ »ӘРБІР ОТБАСЫ — МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ
Шымкент бала туу және отбасы құру көрсеткіші жағынан алдыңғы қатарда. Мәселен, 2020 жылы 6776 жұп некесін қиса, 2021 жылы Шымкентке 7880 шаңырақ қосылған. Бұл туралы халықаралық отбасы күніне орай өткізілген салтанатты шара барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан мәлімдеді. Мереке қарсаңында шымкенттік жас жұбайлар Бекзат Асқарбекұлы мен Мадина Оразбайқызының некесі қиылып, алтын той иелері Нышанбек Ануаров пен ...
Толығырақ »ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ 16 МАМЫР МЕН 5 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕДІ
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баспасөз брифингі өтті , деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілетеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Биыл өтетін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге құжат қабылдау басталды. Бұл – маңызды тестілеу. Өйткені соның нәтижесі бойынша талапкер мемлекеттік білім грантын иелене алады. Биылғы ҰБТ-ның жаңалығы – талапкер тегін оқуға мүмкіндік ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР БИЗНЕСТІ ОНЛАЙН ТІРКЕЙ АЛАДЫ
Енді бұдан былай шымкенттік кәсіпкерлер өз биснестерін онлайн түрде тіркей алады, деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілетеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бүгінде заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет «Электронды үкіметтің» веб — порталында толық автоматтандырылған. Осылайща бұл қызмет адами фактордың қатысуынсыз, электронды хабарлама беру арқылы жүзеге ...
Толығырақ »ЖАСТАР САЯСАТЫ — ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мемлекеттің ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік ақпарат және жастар саясатын іске асыруда, елдегі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде 5 бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Нақтырақ айтар болсақ, қоғамдық саяси ахуал мен ҮЕҰ азаматтық қоғамдық институттармен байланыс орнатуда, этносаралық қатынастар мен ақпарттық саясатты жүргізуде және жастар мен отбасы салалары бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырып ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА 2 РЕТ ТЕГІН ҰБТ ТАПСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛЕДІ
Бүгін қалалық ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Шымкент қаласының білім басқармасы жалпы орта білім беруді және тәрбие жұмыстарын дамыту, қосымша білім беру бөлімінің басшысы Г.Дәрібаева биылғы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша баспасөз брифингін берді. «Оқуға түсуші ҰБТ қатысушыларының деректер базасына тіркелу үшін өтінішті 2022 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр күндері аралығында онлайн түрде Орталықтың https://app.testcenter.kz/ сайты ...
Толығырақ »РЕФЕРЕНДУМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ
Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш рет өткізілмек. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Референдумның мақсаты — саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіріп, конституциялық реформа жасау және оны халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Конституцияға енгізілетін өзгерістер болашақта біздің қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтарымыздың да өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат референдумға жәй қатысып қана қоймай, қандай өзгерістер үшін дауыс беріп жатқанын түсініп, оның мәнін ұғынуы тиіс. Бүгін Шымкент қаласы Азат шағын ауданында орналасқан №68 орта мектептің ұжымымен кездескен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Референдумды қолдау жөніндегі республикалық ...
Толығырақ »ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шымкент қаласының Әл-Фараби атындағы ғылыми — әмбебап кітапханасында қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы Конституциялық реформалар бойынша өтетін жалпыхалықтық республикалық референдумның маңыздылығы жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілетеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық өкілдігінің мүшелері және қала жастары қатысқан іс — шарада Ата Заңға енгізілген өзгерістер жайы ...
Толығырақ »МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛДІ. МӘСЕЛЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында “AMANAT” партиясы фракция мүшесі ретінде, Абай ауданы, Самал-3 шағын ауданы белсенділері мен тұрғындарымен өткізілген кездесу барысында тұрғындар, Самал-3 ш.а көше бойларын жарықтандыру бойынша өтініштерін білдірген болатын. Тұрғындардың өтініші назарға алып, Шымкент қаласының Энергетика және Инфрақұрылымды дамыту басқармасымен 2022 жылдың соңына дейін аудан аумағында жарықтандыру жұмыстары бойынша жұмыс жүргізілетін болады. © didarbek.kz
Толығырақ »АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек тұрғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдау мақсатында кестеге сай қоғамдық қабылдау өткізді. “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізілген қабылдауға бірнеше азамат жазылған. Азаматтар жеке сауалдарын білдіріп, бірнеше талап тiлектерiн жеткізді. Қабылдау барысында азаматша К.Амирхановаға жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеу бойынша кеңес беріліп, жеке бақылауға алынды. О.Кенжаевтың жер және тұрғын үй құжаттарын ...
Толығырақ »МӘСЕЛЕМЕН КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Елшиева Альбина мен Исабеков Данабек қабылдауға келген бірнеше азаматтардың мәселелерінің шешілуіне қолдау көрсетті. Соның ішінде аз қамтылған, үйі өртеніп кеткен көп балалы анаға (7 бала) үйін қалпына келтіруге көмек көрсетуге шешім қабылдаған болатын. Қасиетті Рамазан айында өртенген көп балалы үйге барып, уәде етілген тоңазытқыш және төсеніш кілемдерін табыстады. Алдағы күндері әлеуметтік ...
Толығырақ »МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ
”AMANAT” партиясы фракция мүшесі мәслихат депутаты Исабеков Данабектың “AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінде өткізілген азаматтарды жеке қабылдауында болған азамат, Чувашев Олег Юрьевич жеке куәлігін рәсімдеу барысында бірнеше жылдан бері 12 жылдан астам уақыт кедергілер туындап, көмек көрсетуді өтінген болатын. Олег Юрьевичтың өтініші толықтай қаралып, қазіргі уақытта жеке куәлік рәсімделіп, мәселесі оң шешімін тапты. Азамат өз тарапынан Партияға ...
Толығырақ »Шымкент қаласының Күншығыс шағын ауданында орналасқан Балалар үйі бар. Мемлекет қамқорлығына алынған бұл балаларға балалар үйінде қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Қарны тоқ, көйлегі көк. Құнарлы тағам мен жайлы төсек-орын. Зейінін ашатын түрлі бұйымдар. Ойын жабдықтары. Бірақ мұндағы балалар мекеменің өз үйі, жылы қонысы еместігін сезініп, ата-ана мейірімін аңсап жүретіні тағы бар. Осы орайда, AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты ...
Толығырақ »ЖӘРМЕҢКЕДЕ 72 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданына қарасты Орталық қырғы базарда «Мүмкіндіктер алаңы» бос орындары жәрмеңкесі өтті. Әл-Фараби аудандық жұмыспен қамту бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі бірлесіп, жұмыссыз жастарға арналған мемлекеттік бағдарамаларды насихаттады. Жәрмеңкенің басты мақсаты – жастарды нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыс, алғашқы жұмыс орны бағдарламаларын ұйымдастыру. Жұмыссыз жастардың санын азайту. Жастарды жұмыспен қамту үшін ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев қала әкімдігінің «Инстаграм» парақшасындағы тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді. Басқарма басшысы тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялау қағидаларын түсіндіріп, тұрғындарды баспанамен қамту бағытында атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 48 623 азамат тіркелген. 2022 жылы кезекте тіркелген азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту шараларының бірі ретінде ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Аталған жиынға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д.Қожабаев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардан, сонымен қатар аталған саладағы жобалық тәсілдің даму жағдайынан хабардар етті. «Жобалық басқаруды енгізу мемлекеттік басқару саласының жаңа тренді болып табылады. Бүгінде мемлекеттік басқару органдарында жобалық басқаруды енгізудің ...
Толығырақ »