Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 64)

Шымкент

Шымкент: Антикор өкілдері тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен жиын өткізді

Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев және әкімнің орынбасары Нұрсадық Ергешбек Тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен жиын өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған іс-шара барысында ипотекалық жеңілдетілген тұрғын үйді сату үшін ұйымдастырылған конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдауға қолданылған бірқатар санкцияланбаған іс-әрекеттер жасау фактілері бойынша басқарманың жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыну қаралды. ...

Толығырақ »

Шымкент: ХҚКО-да жылжымайтын мүлік бойынша мемлекеттік қызметтер уақытша тоқтатылады

Шымкенттік ХҚКО-да «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпарат жүйесіне көшуіне байланысты жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтер көрсетуге өтінімді қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды didarbek.kz. Мемлекеттік корпорация 2023 жылғы 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің ХҚКО-ларында жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлері уақытша ...

Толығырақ »

Шымкент: Жыл басынан бері қызылша ауруының 12 жағдайы тіркелді

Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері қызылша ауруының 12 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Жанаргүл Шарипқызы брифинг барысында мәлімдеді. 2021-2022 жылдары Шымкент қаласында қызылша ауруы тіркелмеген. Ал биыл жыл басынан бері қызылшаның 12 жағдайы тіркелді. Оның 9-ы зертханалық расталды, 3 науқастың сынамалары тексерілуде. Ауырғандардың ішінде ...

Толығырақ »

Шымкентте еуропалық иммундау апталығы өткізіледі

Шымкент қаласында 23-29 сәуір аралығында еуропалық иммундау апталығы өткізіледі, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы брифинг барысында мәлімдеді. Қазақстанда иммундау мәселесі денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі. Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде вацинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендейді. Иммундау халық сырқаттанушылығын, өлім-жітімі мен жұмысқа жарамсыздығын болдырмаудың емдеу құнына қатысты экономикалық тиімділігі жоғары ...

Толығырақ »

«Рамазан — рухани тәрбие айы»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рамазан — рухани тәрбие айы» тақырыбында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы Орталық Азия Инновациялық университетінің жастарымен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған кездесудің мақсаты – жастарға діни сауаттылық бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жат ағымдардан аулақ болуға шақыру. Іс-шара барысында қасиетті ай туралы түрлі ақпараттар ...

Толығырақ »

АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН 600-ДЕН АСТАМ ӘЙЕЛ ДЕНІ САУ ҰРПАҚ ӘКЕЛДІ

Шымкентте АИТВ жұқтырған 646 әйел өмірге дені сау ұрпақ әкелген. Бұл туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары мәлемдеді. Салаға жауаптылардың сөзінше, инфекция жұқтырған аналар мен балалар қоғамға қауіпті емес. Шымкентте ВИЧ жұқтырған 646 әйел босанған. Орталықта тіркеуде тұратын азаматшалардың барлығы дені сау сәбиді дүниеге әкелген. Инфекция жұқтырған аналардың балаларын дәрігерлер бір жылдан кейін ғана есептен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте жұмысшы және кәсіби мамандықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» Халықаралық чемпионатының аймақтық кезеңі бастау алды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кәсіптік техникалық мамандықтардың деңгейін арттыратын бұл жобаға Қазақстан 2015 жылы алғаш рет қатысып, халықаралық деңгейде жүлделі орын иегері болған еді. Жоба аясында қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру көзделген. Сәуірдің 17-21-і аралығында өтетін чемпионаттың аймақтық кезеңі ...

Толығырақ »

Шымкентте волейболдан қыздар арасында жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған жобаның мақсаты — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау. Әр апта ...

Толығырақ »

«ШЫМКЕНТ ТРАНСАГЕНСТВО» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Шымкент трансагенство» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымымен кездесті. Кәсіподақ құрамындағы «Шымкент трансагенство» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – халықаралық жүк тасымалдаумен айналысады. Бүгінде серіктестіктің құрамында 35 адам жұмыс жасайды. Барлығы 100 пайыз кәсіподақ мүшесі. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 3-6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕР 100 ПАЙЫЗ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТЫЛҒАН

«Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды». Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдау барысында тиісті мемлекеттік органдарға берген тапсырмасы. Бұл мәселе миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласында да күн тәртібінен түскен емес. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 37 МЫҢ ОРЫНДЫҚ 25 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ

Шымкентте 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 25 мектептің құрылысы жүргізілмек. Аталмыш пилоттық білім нысандары жалпы 37 700 орынға арналмақ. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық ...

Толығырақ »

ТІЛДІҢ ТАҒДЫРЫ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр. Ел Президенті «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл – өткен тарихпен ғана ...

Толығырақ »

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ- ЖАСТАРҒА

Шымкентте биыл 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл игілікті істер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы 1 қыркүйектегі Жолдауындағы жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады. Миллионды қала тұрғындарының 23 пайызын жастар құрайды. Осы орайда, мемлекет тарапынан қарастырылған мұндай ...

Толығырақ »

ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен арнайы жиында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру тетіктері қарастырылды. Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.  Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде. Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 209 ГЕКТАРҒА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНҒАН

Соңғы кездері жылыжай шаруашылығына қызығушылық артып келеді. Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерде жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа сатылуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде жылыжай шығынының 25 пайызы мемлекеттен төленеді. Одан бөлек төмен пайызды ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қыс мезгілінде уақытша тоқтатылған ауызсу бұрқақтары қайта қосылды. Әл-Фараби ауданы аумағында мұндай субұрқақтар 9 орында орналасқан: 1. Қонаев-Іляев қиылысы; 2. Арбат демалыс саябағы; 3. Түркістан көшесі №55; 4. Әл-Фараби алаңы; 5. «Моцарелло» мейрамханасының алды; 6. «Чернобыль» гүлзары; 7. «Цум» сауда үйінің алды; 8. №8 мектептің алды; 9. Тыныбаев №49 Аптап ыстықта су бұрқақтарынан кез-келгеніміз шөл баса аламыз. Сондықтан да қала ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ПЫСЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТОҚСАН САЙЫН СЕЙСМОЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына байланысты, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және қаламыздың жекелеген аумақтық бірліктерінде тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде өткізілуде. Орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі біздің атқаратын іс әрекетімізді ...

Толығырақ »

СУ АЙДЫНДАРЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

2023 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында, келесідей іс-шаралар жоспарланды: — жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды көбейтіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту; — су айдындарының қауіпті және демалуға және шомылуға жабдықталмаған учаскелерінде су айдындарына тыйым салатын және ескерту қауіпсіздік белгілерін орнату; — ...

Толығырақ »

БИЫЛ ШЫМКЕНТТІКТЕР 100% САПАЛЫ ӘРІ АРЗАН ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізіледі. Жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайды. Тұрғын үйлерді электр желісіне қосу жұмыстары тегін жүргізіледі. Мемлекеттен тартылған электр энергиясының тариф бағасы: жеке тұлғаларға әр Кв үшін – 17 теңге, заңды тұлғаларға-35 ...

Толығырақ »

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ — ҚОҒАМНЫҢ ПАРЫЗЫ

Бүгін Шымкент қаласында ерекше жандар үшін ерекше күн. Себебі Наурыз мейрамына орайластырылып ерекше жандарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты және Шымкент қалалық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ, Атамекен кәсіпкерлер палатасы, AMANAT партиясының өкілдерінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған іс шараға «Оған «IamBala» ҚҚ, «Ерекше жол», «Жақсы сиқыршы», «Рахмет саған, анашым» ОМД, «Өркен» ББФ, «Жігер» ҚБ, «Шымкент қаласындағы Мүгедектердің қалалық қоғамы» ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ӘКІМ ИНВЕСТОРЛАРҒА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДАН ЖЕР ҚАРАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында 11 жоба қаралды, деп хабарлайды didarbek.kz. Отырыс барысында инвесторлар құрылыс, ауылшаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жобаларын таныстырды. Басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысқан басқосуда инвестициялардың орындалу барысы пысықталып, жаңа жобаларды іске асыруда өзекті мәселелер талқыланды. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инвесторларға индустриалды аймақтардан қажетті жер телімдерін қарастырып, жан-жақты қолдау көрсетуді ...

Толығырақ »

Шымкент: Қала әкімі №189 орам тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы №189 орам тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды бірыңғай қабылдауына келген №189 орамдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары коммуналдық мәселелерге қатысты талап-тілектерін жеткізген болатын. Су, газ, электр қуатының үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді сұраған азаматтардың өтініші ескеріліп, шұғыл түрде ақауларға зерделеу жұмыстары жүргізілген. Аталған тұрғын үйлерге арнайы барған Мұрат Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, халықты ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ 500 АДАМҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тұран ауданындағы жұмыспен қамту бөлімшесінде «Ашық есік» күні өтті. Аталған шараның мақсаты — кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру. 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау үшін әзірленген Жол картасы аясында жастарға жеке ісін ашу ...

Толығырақ »

ГАЗ ТҰТЫНУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында газды тұтынудың техникалық ережелерінің сақталмауынан улану жағдайлары жиілеген. Аталған іс-шараның мақсаты — тұрғындарға газдан уланудың алдын алу, дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілігін арттыру. Профилактикалық түсіндіру жұмыстары барысында ҚР газ және газбен жабдықтау заңы түсіндірілді. Еңбекші ауданы әкімдігі, прокуратурасы, төтенше жағдайлар басқармасы, полиция және еріктілер, «ҚазТрансГаз Аймақ» және газ техникалық ...

Толығырақ »

МАНАП ӨТЕБАЙҰЛЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Манап Өтебайұлының туғанына 85 жыл толуына орай, «Дәстүрлі тәрбие – сапалы білім» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі», «Құрмет белгісі», «Парасат» орденінің иегері және өңіріміздің Құрметті азаматы, меценат – Өтебаев Манап Өтебайұлы – өз ортасында дара тұлғаға айналған, жұлдызы жарық, біртуар қазақтың азаматы болатын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» ...

Толығырақ »