Түркістан облысы Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойына орай 24 нысан ел игілігіне тапсырылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Олардың қатарында Құмкент ауылындағы спорт кешені бар. Заманауи үлгідегі спорт ғимаратында күрес, бокс, футбол және волейбол сынды спорт түрлерінен секциялар жұмыс істейді. Сондай-ақ, мерейтой қарсаңында Шолаққорған ауылындағы 50 орындық «Айжан» бөбекжай балабақшасы, «Жібек жолы» сауда кешені, Қарағұр ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
«Социалистік Еңбек ерлерімен» шерітпе күй шеберлерінің аллеясы ашылды
Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданы Құмкент ауылында спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауданының 90 жылдық мерейтойына орай Шолаққорған ауыл округінде орналасқан «Тәуелсіздік» саябағында болып, «Социалистік Еңбек Ері» Әділбеков Жотабай, Әлібайұлы Бөрғазы, Әметшаев Бурхан, Жынысбаев Әбілда, Дәуітбаев Жұбай, Архабаев Қодас, Тастанов Үббі, Тұяқбаев Төлепберген, Бөрғазиев Көштендер және шерітпе күйдің ...
Толығырақ »«Сырлы Созақ» республикалық ақындар айтысы өтті
Қасиетті Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының солтүстігіндегі әкімшілік-аймағында орын тепкен Созақ ауданына 90 жыл толып отыр. Мерейлі мерекеге орай Созақта бірнеше ісшара болып өтті. Соның бірі жұрттың делебесін қоздырған ақындар айтысы болды. Теріскейдің 90 жылдық тойына орай Елімізге танымал ақындардың қатысуымен республикалық «Сырлы Созақ» тақырыбында ақындардың айтысы өтті, деп хабарлайды «darbek.kz» ақпараттық агенттігі. Үздік өнер көрсеткен Астана қаласынан келген Аруна ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП АУДАН, ҚАЛАЛАРДА ЖҮР
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау бойынша 5 ақпараттық-насихаттық топ құрылған болатын. Облыс әкімінің орынбасарлары бастаған топ құрамында зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен ғалымдар, тарихшылар мен басқарма басшылары бар, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Облыс әкімінің бірініші орынбасары Қайрат Нүкенов бастаған топ ...
Толығырақ »ОТЫРАР АУДАНЫНДА БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ
didarbek.kz. Бүгін Түркістан облысы Отырар ауданындағы Қоғам және Аққұм елдімекендерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін Күндізгі қатынау бөлмелері ашылды. Мүгедектігі бар балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйрету, арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту мақсатында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылы аясында іске қосылған шағын орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЗЕКТІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУГЕ АЛЫНДЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету ...
Толығырақ »Ө.ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Мақтаарал ауданына да ат басын бұрды. Мақталы өлкедегі ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысқан министр бірнеше нысандарды аралап көрді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Ең алдымен министр Достық ауылдық округі, Гүлістан ауылындағы «Дармон» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалық ...
Толығырақ »АЛПАУЫТ КОМПАНИЯЛАР ТҮРКІСТАНҒА БІР-БІР НЫСАННАН САЛЫП БЕРЕДІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізгені белгілі. Сол жиында Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, еліміздегі алпауыт компаниялардың басшыларына Түркістан қаласына бір-бір нысан салу жөнінде тапсырма берді. Әрбір басшыны орнынан тұрғызып, жеке-жеке сөйлескен Елбасы мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетілгенін, енді олар да мемлекете үлес қосаулары керектігін айтты. Түркістан қаласына қажетті нысандарды тізбелеп, танымал компанияларға ...
Толығырақ »Өмірзақ Шөкеев Жетісайдағы мақта алқаптарын аралады
Жетісай ауданына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары-ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Министр алдымен Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан «Нұралы жол» шаруа қожалығының комбайнмен мақта терім жұмыстарының барысымен танысты. Мұнан соң министр Ш. Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы машиналық каналдың №1,№2 су тартқыш насостық станциясы арасындағы өзекті мәселе болып ...
Толығырақ »НАЗАРБАЕВ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ БАРДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көрді. Мемлекет басшысына Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды. Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай ...
Толығырақ »Н.НАЗАРБАЕВ: «ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ – БАРША ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ»
Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласына ресми сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шаһардағы «Этноауыл» алаңында ұйымдастырылған «Түркістанға оралу» салтанатты іс-шарасының құрметті қонағы болды. Мемлекет басшысы алаңға жиналған көпшілікті Түркістан облысының құрылуымен құттықтады. «Түркістан – біздің халқымыз үшін үлкен маңызға ие. Орта Азиядағы көне де қасиетті қалалардың бірегейі. 2000 жылы біз Түркістанның 1500 жылдығын атап өттік. Мұнда қазақ халқының ұлы тұлғалары мен ...
Толығырақ »ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістанға жасаған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс активінде Түркістан қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді. Жиында Елбасы Түркістан қаласының дамыту бағытындағы ойларын ортаға салды. «Бүгін еліміздің тарихында бір елеулі уақытта кездесіп отырмыз. Жаңадан Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алды. Түркістанның дамуы, болашағы қалай болады деген сұрақ бойынша әңгімелесеміз. Біріншіден, менің тапсырмам ...
Толығырақ »«КӨНЕ ТҮРКІСТАН-ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
Түркістан облысында алғаш рет халықаралық деңгейде аймақ экономикасының перспективасы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен әрекеттестігі одан әрі кеңейту және өңірдің инвестициялық әлеуетін көтеру мәселелері талқыланған форум өтті. Форумға отандық кәсіпкерлер және шетелдік инвесторлар қатысты. Шараның мақсаты — халықаралық ұйымдар мен инвестициялық жобаларды іске асыратын шетелдік инвесторларды Түркістан облысына тарту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту. Жиында сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері ...
Толығырақ »ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістан қаласына ресми сапары барысында әуелі Түркістан қаласының даму копцепциясымен танысып, салтанатты түрде жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың капсуласын салды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына шаһардың жоспарымен толыққанды құлағдар етті. Жаңа қалашықтың жалпы жер аумағы 25 мың гектарды құрайды. Алдағы уақытта қала аумағына қосымша жер телімі қосылатын болады. Онда облыстық әкімшілік, республикалық аумақтық бөлімшелер, көп қабатты тұрғын ...
Толығырақ »Түркістандағы облыстық перинаталдық орталыққа қосымша ғимарат салынады
Түркістандағы облыстық перинаталдық орталыққа қосымша ғимарат салынады, деп хабарлайды On’tu’stik телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz. Бір мезетте 150 анаға медициналық көмек көрсететін Түркістандағы №3 облыстық перинаталды орталық алдағы уақытта 300 науқасқа ем жасайтын болады. Ол үшін бүгінде қажетті құжаттар жинақталып мемлекеттік сатып алу конкурсына жолданыпты. Сонымен қатар, аталған медициналық мекеме қазір өз пациенттеріне толықтай заманауи үлгіде қызмет көрсетуде. Бұл мекемеге негізінен ...
Толығырақ »Жақсылар, дастан айтайын…
«Жақсылар, дастан айтайын…». Осындай айдармен өткен ІІ аймақтық жас жыршылар байқауы өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары арасында өткен сайыс Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Унивеситетінің –мәдениет орталығында ұйымдастырылды. Үміткерлер қазақ тарихындағы батырлар жырын жатқа айтып, іріктелді. Бұл туралы On’tu’stik телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Оңтүстік Қазақстан» газеті ұйымдастырып отырған бұл жоба республика көлемінде кеңінен қолдау тауып, ...
Толығырақ »ҚР Мәдениет және спорт министрі Отырар ауданына арнайы іссапармен келді
Елбасымыз Н.Назарбаев шикізатқа тәуелділіктен құтылып, бюджет қоржынын өзге салалармен, атап айтқанда туризм кластерін дамыту арқылы толтыруды міндеттеген болатын. Соңғы жылдары осы бағытта көптеген шаруалар қолға алынып жатыр. Бүгінгі таңда Арыстанбаб және Отырартөбенің айналасын абаттандыру жұмыстары басталды. Бүгін ауданымызға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы ат басын бұрды. Министрдің өлкемізге келу мақсаты Президентіміздің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА 1,7 МЛРД. АҚШ ДОЛЛАРЫНЫҢ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«КӨНЕ ТҮРКІСТАН – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында құны 1,7 млрд. АҚШ долларды құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімдігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, Қытай мемлекеттерінің инвесторлары арасында келісімдер жасалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иранның ...
Толығырақ »«АДАЛ ҰРПАҚ» – САТЫЛМАЙТЫН ЕҢБЕК
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті. Жиынға облыстық білім беру ұйымының басшылары мен облыстың барлық 16 ауданынан келген 800-ден аса «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты. Шараның мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ...
Толығырақ »«МУЗЕЙ ЖАНАШЫРЫ – АДАСҚАН АЛТАЕВ»
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мәдениет саласының майталманы, әуесқой археолог, Сыр бойында орналасқан тарихи қалалар мен қоныстарды зерттеп, ғылым әлеміне алтын әріппен қосылуына өзіндік үлес қосқан мәдениет жаршысы, ұлттық өнерді ұлықтаушы, ұлағатты ұстаз, сұрапыл соғыстың ардагері Адасқан Алтаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ...
Толығырақ »ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЯҚБАЕВ
2018 жылғы 26 қыркүйек күні «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы-журналист Жұмамұрат Тұяқбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Тұғыры биік Тұяқбаев» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды мекемеге сілтеме жасаған didarbek.kz. Жас журналистердің танылуына үлкен мән берген дарын иесін еске алу кешіне жазушының жұбайы Сайгана Мәдет, қызы Сәуле Жұмамұратқызы, туыстары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас ...
Толығырақ »Түркістан: Түлкібаста Тұрар Рысқұловқа құрмет көрсетілді
Бүгін Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай іс-шара өтуде, деп хабарлайды ernur.kz ақпаратық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Қасиетті Түркістан облысының шығыс аймағында орын тепкен Түлкібас ауданына 90 жыл толып отыр. Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған. Ауданда қазіргі таңда халық саны 111 мың 200 болса, оның ішінде 26-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Аудан орталығы — ...
Толығырақ »Түркістан облысында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің арқасында 1 бос орынға 39 үміткерге дейін қатысуда
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев брифинг өткізді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Брифинг барысында Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметшілерге факторлы-балдық шкалаға негізделген еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерінде, Әділет Министрлігінде, Маңғыстау облысы мен Астана қаласы әкімдіктерінде пилоттық тәртіпте енгізілгенін ...
Толығырақ »«АСТАНА – ТҮРКІСТАН» ТЕМІРЖОЛ БАҒЫТЫ
Астана қаласынан Түркістанға сапар шегетін жолаушылар үшін жағымды жаңалық! Ендігі жерде Елордадан Түркістан қаласына дейін пойыз ауыстырмай-ақ жетуге толық мүмкіндік тумақ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Түркістан облысына көлік қатынасын дамыту және жолаушыларды Қазақстанның танымал туристік орындарының біріне қарай тасымалдау мақсатында №176/175 Астана-1 – Шымкент пойызының бағытын Түркістан қаласына дейін ұзартып жатыр. Бұл туралы «aq-qara.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Түркістан ...
Толығырақ »Ж.ТҮЙМЕБАЕВ АРДАГЕРЛЕРДІ ТҮРКІСТАНДЫ БІРЛЕСІП ТҮЛЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ
Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Қарттар күні қарсаңында Түркістан қаласының ардагерлерімен кездесті. Басқосуда облыс әкімі ел ақсақалдарын мерекемен құттықтап, облыс орталығын дамытуға рухани тұрғыдан дамытуға атсалысуға шақырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Облыс орталығы алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Бұған Елбасымыз айрықша назар аударып отыр. Алдағы уақытта Түркістанда жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер, әуежай, ...
Толығырақ »