Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АПАТТЫҚ АЙМАҚ ЖҰРТЫ ШАРДАРАДАН ДА ПАНА ТАПТЫ

АПАТТЫҚ АЙМАҚ ЖҰРТЫ ШАРДАРАДАН ДА ПАНА ТАПТЫ

«Арыс, біз біргеміз!» акциясына Алаш жұрты түгел атсалысып жатыр. Апат аймағының 53 тұрғыны бас сауғалап, шалғайдағы Шардараға дейін барған. Атымтай жомарттар шағалалы аймақты уақытша мекен еткен арыстық ағайынға көмек қолын созды. Ас-ауқат, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттың барлығын жеткізіп берген.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Жарылыстан жапа шеккендердің дені №16 коледжге орналастырылыпты. Апаттық аймақ халқының елдегі жомарт жандарға деген алғысы шексіз. Адасып қалған  70 бала ата-аналарымен дін аман қауышты. Алты алаштың басына күн туғанда әрдайым көмек қолын созатын жастар көп. Солардың бірі Жетісай ауданының жас кәсіпкерлері. Олар Арыс тұрғындарына көмек ретінде киім-кешектер үлестіріп, ыстық тамағын ұсынды. Сондай-ақ, арыстық ағайындарға көмек көрсеткісі келетін еріктілер қатары өте көп. Бұл, әрине көңіл қуантады. Себебі, кешегі төтенше жағдай қазақ халқын тағы да ынтымаққа шақырды.

 

Пікір жазу