Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚҰРМЕТКЕ ҚАШАН ДА ЛАЙЫҚ

ҚҰРМЕТКЕ ҚАШАН ДА ЛАЙЫҚ

Адам жанының арашасы атанған медицина қызметкерлерінің қоғам өміріндегі орны  зор. Еңбегі орасан. Ұлт саулығы үшін дамыл таппай қызмет етіп жүрген денсаулық сақтау саласының мамандары қашан да құрметке лайық. Бәйдібектік ақ халатты абзал жандардың еселі еңбегі ескеріліп, марапат төрінен көрінді.

Шараның  шымылдығы сала жастары  ұйымдастырған  флешмобпен  түрілді.  Кешке  арнайы  келген  аудан  әкімінің  орынбасары  мен  ардагер дәрігерлер  мереке  иелеріне  ақ жарма  тілегін  ақтарды. Күн-түн демей, ұлт  денсаулығының сақшысы болған қызметкерлердің еңбегіне  жоғары  баға  берді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г. Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

 Мереке қарсаңында денсаулық  сақтау  ісіне  қосқан қалтқысыз  еңбегі  үшін бір топ қызметкерлер марапатталды. Облыс пен аудан әкімінің арнайы «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттарына» ие  болды. Аудандық  аурухананың  бас мейірбикесі Гүлмира  Сыздықова  «Нұр-қуат» қоғамдық  бірлестігінің  «Үздік мейірбике»  мерекелік  төсбелгісін иеленді.

Адам жанының арашасы ақ халаттылар қандай құрметке де  лайық. Мерелік  кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Пікір жазу