Еңбекші ауданындағы Жібек жолы — Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылып отыр. Аумағы 1,1 гектар гүлзарда тұрғындарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті. Ауданда 2022 жылы «Қазақстан-Түркия достығы» саябағы тұрғындар игілігіне берілген еді. Биыл тағы бір жаңа гүлзар тұрғындарға қуаныш сыйлады. ...
Толығырақ »Месячные архивы: Июнь 2024
КӨКСӘЙЕК ХАЛҚЫ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БІЛІМ АЛУДА
2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімді тұстарын атап өтіп, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында оны жүзеге асыруды тапсырды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «АМАNАТ» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейтетін Жол картасын және қалаларда ашылатын жобалық кеңселердің жұмысы туралы Ережені дайындады. 2024 жылдың басынан бері ...
Толығырақ »ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атқарушы жүйе жұмысын мейлінше жариялы түрде жүргізуді тапсырған болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымына сай барлық деңгейдегі билік өкілдері әлеуметпен етене болуға қадам жасауда. Әсіресе, өңірдегі тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныс, пікіріне құлақ асу үрдісі қалыптасуда. Таулы аймақта орналасқанымен Төлеби ауданындағы соңғы жылдардағы ең өзекті ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ ЖАНДАНА ТҮСТІ
Түркістан қаласында қолөнер бұйымдарын жасау ертеден келе жатқан үрдіс. Бұл істі одан әрі жандандыру мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көрмелері, сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдің қолөнер шеберлері республикалық және халықаралық көрмелерге белсене қатысып келеді. Атап айтсақ, 2023 жылдың 6-10 ақпан күндері аралығында қолөнер саласына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бірлестік мүшелерінен құралған қолөнер шеберлерінің деллегациясы Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласы мен ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ» ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ
Түркістандағы Достық үйі биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатқан 4 қабатты ғимараттың құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығында бой көтеріп жатқан Достық үйінің құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. Облыс әкімі құрылыс сапасына басты назар ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА 5 ҚАБАТТЫ 20 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма берді. Сын-ескертпелер айтты. Түркістандық кәсіпкерлерді қолдап, қажетті құрылыс материалдары мен есіктерді жергілікті шеберлерден сатып алуды ескертті. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды. Тұтас қалашыққа айналатын 20 көпқабатты тұрғын ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, табиғи көгал төселді. Жаңарған стадионда Қазақстан футбол федерациясы инспекциялау жұмыстары жақын күндері жүргізеді. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды стадиондағы жаңарту ...
Толығырақ »Белсенді азаматтарды жұмылдыруға басымдық беру қажет
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратов – құқықбұзушылықтың алдын алу және қоқыстар бойынша салынған айыппұлдар, қалалық Білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова — оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қалалық Төтенше жағдай басқармасының басшысы Асқар Сейсенов — шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы, қала әкімі аппаратының басшысы Талғат ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІНЕ АУДАН ӘКІМІНЕН ҚИЯНАТ
(Әл-Фараби ауданынан арнайы фоторепортаж) Күні кеше «ЖАЛАҒА ЖҮЙРІК БОЛҒАНША, ЖҰМЫСҚА ЖҮЙРІК БОЛСАЙШЫ, РАШИД-ӘКІМ!» деген жазбаларымызда Рашид Мыңбаевтың «іскерлігі мен ісмерлігін» паш ететін Қазыбек би көшесі бойындағы тұрғын үйлердің аулаларындағы қалыптасқан жағдайдан қалың көпшілікті хабардар еттік. Бүгінгі сапарымыз мегаполис орталығындағы ірі көшелердің бірі – Тәукехан даңғылынан бастап, Бекет-батыр көшесіне дейін созылды. Сөйтсек, ондағы жағдай кешегі Қазыбек би көшесіндегі жағдайдан бес бетер ...
Толығырақ »Шымкент республикалық «Жас Ұлан» мектебі өзінің мерейтойын атап өтті
Биыл Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент Республикалық «Жас ұлан» мектебінің құрылғанына 40 жыл толады. Осы күнге орай үшінші мегаполистің «Астана» алаңында мектептің 198 түлегі үшін жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Бір сапта жас ұландықтармен бірге біздің кең еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген алдыңғы түлектердің барлық ұрпақтары бас қосты. Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Қорғаныс министрінің кеңесшісі ...
Толығырақ »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ЖАС ҰЛАН” МЕКТЕБІНЕ 40 ЖЫЛ
Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебі 40 жыл бойы Отанның үздік ұлдарын тәрбиелеп келеді. Бұл туралы Шымкент республикалық «Жас Ұлан» мектебі өзінің мерейтойын атап өту барысында оқу орнының бастығы полковник Пернехан Орынбеков атап өтті. Жыл сайын бұл түлектер Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК, ТЖМ және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары атануда. — Мен барлық түлектерге бейбіт аспан мен жақсы қызмет тілеймін. Бүгін ...
Толығырақ »Шымкенттіктер автокөлікті сатып алу-сату шартын МХҚКО-да тіркей алады
Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады, «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Айта кету керек, бұл қызмет ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ 214 ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ
Шымкент қаласында 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады. Алғашқы лекте Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 1 162 адам өтінім беріп,бизнес-идеяларын ұсынған. 4-11 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдында жобаларын қорғап, нәтижесінде 214 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды. Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз қаражат алуға өтінімдер электронды форматта қабылданды. Бұл қолдауға еңбекке қабілетті мүгедектігі ...
Толығырақ »ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «ЖАЛҒАН САНДАРМЕН ЕМЕС, ШЫНАЙЫ ЭКОНОМИКАМЕН ӨМІР СҮРЕЙІК»
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мегаполистің қаңтар – мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы, салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев даму көрсеткіштерін баяндап, бұл кезеңде оң динамика қалыптасқанын жеткізді. Инвестиция көлемі 17,4 пайызға артып, 203,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция көлемі 29,5 млрд. теңге болса, жеке ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ БІРІНШІ МӘСЕЛЕ БОЛЫП ҚАЛУЫ ТИІС
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Отырысқа құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты. Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары А.Бейсенбаев нашақорлық, суицид, ұрлық және интернет алаяқтық қылмыстарын алдын алу бойынша атқарылып жатқан кешенді шараларды баяндады. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, ...
Толығырақ »ЖАЛАҒА ЖҮЙРІК БОЛҒАНША, ЖҰМЫСҚА ЖҮЙРІК БОЛСАЙШЫ, РАШИД-ӘКІМ!
Рашид Мыңбаевтың ұйымдастырған көптеген фейктері біздің сындарымызға: «Дәлел қайда?» деген соң, көпшілік назарына шығарғымыз келмеген осы айғақтарды жариялауымызға тура кеп отыр. Оның үстіне, редакциямызға біраздан бері аудан тұрғындары хабарласып, бұл әкімнің өз тікелей функционалдық міндеттеріне деген енжарлығына наразылығын білдіріп жүргенін ескердік. Сонымен, көпшіліктің сұранысымен қала орталығындағы Қазыбек би көшесіне портал тілшісі ат басын бұрды. Сондағы көргендеріміз мынау болды: тозығы жетіп, ...
Толығырақ »Шымкент: кәсіпкерлерге тағам қауіпсіздігі туралы түсіндірілді
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің отырысы өтті.Жиынға Палата басшылары, Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары, аудандық басқармалардың мамандары, дін өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Кеңес отырысында көпшілік тамақтану орындарындағы қауіпсіздік туралы түсіндірілді. «Қоғамдық орындарда, көпшілік тамақтану нүктелеріндегі азық-түлік қауіпсіздігінің сақталуы – аса маңызды. Жуырда әлеуметтік желіде картоп қытырлағы өнімінің санитарлық талаптар сақталмай әзірленіп жатқаны туралы жазба ...
Толығырақ »ТАҒАЙЫНДАУ!
Аудан әкімінің Өкімімен Махашбаев Бағдат Талғатұлы Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жаңа басшысы Бағдат Талғатұлының қызметіне табыс тіледі. Жүктелген тапсырмаларға немқұрайлы қарамай, ауданды кешенді дамытуға бағытталған жұмыстарды өз ...
Толығырақ »АҚЖАРДА ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Aудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне арнайы барып, Бағыс елді мекенінде жайылым жер мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мән-жайын талқылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Талипов және жер иелері қатысты. Жиын барысында тұрғындар жылдан жылға мал санының көбеюіне байланысты, ортақ мал жайылымын ұлғайту туралы ұсыныс пікірлерін білдірді. ...
Толығырақ »Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНСАҢЫЗ – 80 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН СУБСИДИЯ АЛАСЫЗ
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бүгін өткен халықпен кездесуде осылай деді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту, суды үнемдеу, оның ішінде инновациялық әдістерді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру бойынша жан-жақты қолдаулар жайлы айтты. «Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан су үнемдеу технологиясын пайдаланушылар үшін әр гектарына 80 пайызға дейін субсидия қарастырылған. Мен ...
Толығырақ »АУДАНДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов аудан орталығындағы үздік білім беру ұйымдарының бірі Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында болып, мектептің бітіруші түлектерге аттестат тапсыру шарасына қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алтын ұя мектептерімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басып жатқан барша түлектердің қадамдарына сәттілік тілеп, ата-аналар мен ұстаздарға алғысын айтты. Ол өз сөзінде: «Сіздерді бүгінгі ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫТАРЫНЫҢ БІРІ САЙРАМДА ОРНАЛАСҚАН
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында «ЮКМЗ» АҚ «Су сорғыш станциялар және ауыл шаруашылығы техникалары, мұнай компанияларына арналған техникалар, полимер бұйымдар» шығаратын зауытта болды. Зауыт басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жоспарлармен бөлісті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеке кәсіпкердің ұсынысын тыңдаған аймақ басшысы кәсіпорындардың мүмкіндігін кеңейтуге мемлекеттік қолдау жолдарының қарастырылатынын ...
Толығырақ »МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен сессия отырысында 12 мәселе қаралды. Олардың ішінде 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептер, мәслихаттың 2 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы, цифрландырудағы жобалар, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер бар, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Былтыр мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. ...
Толығырақ »ТАМЫРДАҒЫ ОТТЫ ОЙНАТҚАН ТАРЛАНДАР
Бүгін Түркістан төрінде 120-ға жуық балуан “Оңтүстік Қазақстан” газетінің жүлдесі үшін белдесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Gauhar Nurmahankyzy-ның фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Турнирге арнайы ат басын бұрған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков биыл ғасыр толған газеттің Оңтүстік өңірінің шежіресін қалыптастырудағы орасан зор үлесіне тоқталып, құттықтауын арнады. Қазақ күресіне жанашырлығы, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы еселі еңбегі үшін басылым ұжымына, бас редакторы Абай ...
Толығырақ »18-ҚАЗАҢДАҒЫ 578 БҰЙРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжіне мемлекеттік тапсырыс негізінде (грант) 2024-2025 оқу жылындағы абитуренттерді оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18-қазаңдағы 578 бұйрығы негізінде қабылданады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары мемлекеттік тапсырыс ...
Толығырақ »