Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНСАҢЫЗ – 80 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН СУБСИДИЯ АЛАСЫЗ

Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНСАҢЫЗ – 80 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН СУБСИДИЯ АЛАСЫЗ

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бүгін өткен халықпен кездесуде осылай деді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек
Қала басшысы елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту, суды үнемдеу, оның ішінде инновациялық әдістерді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру бойынша жан-жақты қолдаулар жайлы айтты.
«Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан су үнемдеу технологиясын пайдаланушылар үшін әр гектарына 80 пайызға дейін субсидия қарастырылған. Мен барша арыстық еңбеккерлерге су үнемдеу технологиясын пайдалануды, сол арқылы мол өнім алып, табысты болуға шақырамын. Бұл бойынша азаматтар жергілікті әкімдіктен тиісті кеңестер алуына болады. Менің тапсырмаммен құрылған жұмысшы топ жан-жақты түсіндіріп, жобаңызды соңына дейін сүйемелдеуге дайын,» — деді қала басшысы.
Бүгінде жүйелі жұмыстың нәтижесінде арыстық дихандар тіршілік нәрін үнемдеу технологиясына көшуді бастап кетті. Мәселен, Қожатоғай ауылдық округінде орналасқан «Qamqor SPK» серіктестігі 120 гектар жерге айналмалы жаңбырлатқыш қондырғысын орнатып, мол өнім алуды көздеп отыр. Жобаға 280 млн.теңге инвестиция тартылған.
Ал, «QAZAQ AGRO ASTYK» серіктестігі 100 гектар жерге барабан типті су үнемдеу технологиясын іске қосып, мол көлемде мал азығын алуды жоспарлауда. Тартылған инвестиция көлемі — 100 млн.теңге.
Қаламызда мал басын асылдандыру, көбейту, бордақы алаңдарын ұлғайту бойынша да серпін бар.
Өткен жылы қаламызда орналасқан «Казплемзавод» серіктестігі 2 мың бас асыл тұқымды қалмақ сиырын импорттап 1,3 млрд теңге инвестиция тартты. 2024 жылдың 2 жарты жылдығында қосымша 1630 басты импорттау жоспарлап отыр. Мақсат – асыл тұқымды бордақы мал басын 10 мыңға жеткізу.
Ал, «Түркістан Агро KZ» ЖШС 15 мың бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы жобасын жүзеге асыруда. Ауқымды жобаның бірінші кезеңінің өзіне 3,5 млрд. Теңге инвестиция тартылды.
Арыста құс және балық шаруашылығын дамыту да өркен жаюда. Атап айтқанда, «Мубарак Агро» серіктестігі 780 млн теңгеге құс етін өндіру жобасын қолға алуда.
Возможно, это изображение 8 человек
Сонымен қатар «Мыңбай» шаруа қожалы тоғанды балық шаруашылығын іске қосты. Бүгінгі таңда 5 мыңға жуық шабақты өсірілуде. Қазірдің өзінде 50 млн теңге инвестиция салынған шаруақожалық алдағы уақытта 10 мыңнан аса шабақ өсіруді жоспарлап отыр.
© Didarbek.kz

Пікір жазу