Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАЛАҒА ЖҮЙРІК БОЛҒАНША, ЖҰМЫСҚА ЖҮЙРІК БОЛСАЙШЫ, РАШИД-ӘКІМ!

ЖАЛАҒА ЖҮЙРІК БОЛҒАНША, ЖҰМЫСҚА ЖҮЙРІК БОЛСАЙШЫ, РАШИД-ӘКІМ!

Рашид Мыңбаевтың ұйымдастырған көптеген фейктері біздің сындарымызға: «Дәлел қайда?» деген соң, көпшілік назарына шығарғымыз келмеген осы айғақтарды жариялауымызға тура кеп отыр. Оның үстіне, редакциямызға біраздан бері аудан тұрғындары хабарласып, бұл әкімнің өз тікелей функционалдық міндеттеріне деген енжарлығына наразылығын білдіріп жүргенін ескердік. Сонымен, көпшіліктің сұранысымен қала орталығындағы Қазыбек би көшесіне портал тілшісі ат басын бұрды. Сондағы көргендеріміз мынау болды:
тозығы жетіп, қирап қалғанына бірнеше жыл болса да, жөнделмеген, ауыстырылмаған дала орындықтары;

Нет описания фото.
әбден ластанған аулалар, біраздан бері үйіліп қалған күл-қоқыстар, мегаполис атына кір келтіретін көріністер;
быт-шыт болған балалар алаңшалары, бала өміріне қауіп төндіретін үзілген сымдар, абаттандыру көрмеген аулалар…

Нет описания фото.

Нет описания фото.

Нет описания фото.

Нет описания фото.

Возможно, это изображение дерево

Возможно, это изображение крокодил
Р.Мыңбаевтың Әл-Фараби ауданының әкімі лауазымына тағайындалғанына 3,5 жыл болғанын назарға алсақ, осы уақыт ішінде ауданда жұмыс мүлдем жүрмеген сияқты екен. Бәлкім, оның орнына аудан тіршілігіне қан жүгіртетін жігерлі басқа әкім тағайындаған жөн болар?! Қалай ойлайсыз, Ғабит Әбдімәжитұлы мырза?!.

© Didarbek.kz

Пікір жазу