Бүгін Түркістан төрінде 120-ға жуық балуан “Оңтүстік Қазақстан” газетінің жүлдесі үшін белдесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Gauhar Nurmahankyzy-ның фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Турнирге арнайы ат басын бұрған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков биыл ғасыр толған газеттің Оңтүстік өңірінің шежіресін қалыптастырудағы орасан зор үлесіне тоқталып, құттықтауын арнады. Қазақ күресіне жанашырлығы, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы еселі еңбегі үшін басылым ұжымына, бас редакторы Абай Балажан ағаға ерекше алғысын жеткізді.
Қазақ күресі — қара күшті таразылайды, рухты асқақтатып, намысты жаниды. Дала батыры Қажымұқан Мұңайтпасұлының ізін жалғаған спортшыларға қарап, ақын Жүрсін Ерманның өлеңі есіме түсті:
“Жарысқанда озбайтындай несі бар!
Биікке қол созбайтындай несі бар
Тастүйін боп топқа түскен кезіңде,
Қажымұқан нар бабаңды есіңе ал!”
P. S. Ақыны да, әкімі де, батыры да намысқа қызмет етсе, елдің еңсесі тік, тұғыры бекем, туы биік емес па?!
Осы бірлігімізден, жарасымды тірлігімізден айырмасын бастысы
© Didarbek.kz