Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » 18-ҚАЗАҢДАҒЫ 578 БҰЙРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ

18-ҚАЗАҢДАҒЫ 578 БҰЙРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжіне мемлекеттік тапсырыс негізінде (грант) 2024-2025 оқу жылындағы абитуренттерді оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18-қазаңдағы 578 бұйрығы негізінде қабылданады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта және жалпы білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында қабылдау комиссиясына төмендегі мамандықтар бойынша құжаттар қабылданады.
07161300- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 3W07161303 — Автомобиль көлігін жөндеу шебері 9-сынып
07150500- Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 3W07150501- Электргазымен дәнекерлеуші 9-сынып
07130100- Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) 3W07130102- Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі(түрлері және салалары бойынша) 9-сынып
07230100- Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 3W07230102- Арнайы тігінші 9-сынып
07321400- Гидротехникалық мелиорация 4S07321402- Гидромелиоратор-техник 9,11-сынып
07211300-Тағам өндірісінің технологиясы 4S07211303- Техник-технолог 9-сынып
08410100- Ветеринария 4S08410104- Ветеринарлық техник 9-сынып
10130100- Қонақ үй бизнесі 4S10130104- Супервайзер 9-сынып
10150100- Туризм 3W10150103- Туристiк агент 9-сынып
06130100- Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 4S06130103- Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы 9-сынып
10410300- Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару 4S 10410302- Техник 9-сынып
Керекті құжаттар
1.Өтініш
2.3*4 форматтағы сурет 4-дана
3.ТУУ туралы куәлік және ЖСН көшірме
4.075 Медициналық карта
5.Аттестат оригинал
Колледж қабырғасында білім алып жүрген бүгінгі студент – ертеңгі жас маман. Заманауи талаптарға жауап бере алатын, білімді де білікті маман даярлау – біздің мақсатымыз.
© Didarbek.kz

Пікір жазу