Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫТАРЫНЫҢ БІРІ САЙРАМДА ОРНАЛАСҚАН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫТАРЫНЫҢ БІРІ САЙРАМДА ОРНАЛАСҚАН

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында «ЮКМЗ» АҚ «Су сорғыш станциялар және ауыл шаруашылығы техникалары, мұнай компанияларына арналған техникалар, полимер бұйымдар» шығаратын зауытта болды. Зауыт басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жоспарлармен бөлісті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек, склад лесоматериалов и текст
Жеке кәсіпкердің ұсынысын тыңдаған аймақ басшысы кәсіпорындардың мүмкіндігін кеңейтуге мемлекеттік қолдау жолдарының қарастырылатынын жеткізді.
Бұл машина жасау зауытының іргесі 1931 жылы қаланған. Жылына 100 насос шығаруға қауқарлы зауытта 181 адам жұмыспен қамтылған. Жер көлемі – 5,6 гектар.
– Өңірде кіші және орта кәсіппен айналысатын азаматтар саны жыл сайын артуда. Басым көпшілігі мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен ісін бастап жатыр. Кәсіп ашамын, кәсібімді одан әрі кеңетемін деген азаматтарға әкімдік тарапынан мүмкіндігінше қолдау көрсетіледі, – деді Дархан Сатыбалды.
«ЮКМЗ» АҚ – Қазақстандағы ең ірі машина жасау зауыттарының бірі. Кәсіпорын 2000 жылы бұрынғы КСРО аумағында ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы машина жасау өнімдерін ірі жеткізушілердің бірі ретінде танымал «Манкентсельмаш» ААҚ негізінде құрылған. Кәсіпорын еліміздегі мал шаруашылығы фермалары мен шалғай жайылымдар үшін су көтергіш техника мен арнайы техниканы жалғыз жеткізуші болып табылады. Зауыт СНП-500/10 типті сорғы станцияларын шығаратын жетекші өндіріс орындарының бірі. Аталған сорғылар нарықта сұранысқа ие.
Өндіріс орны «Алматы – Термез» халықаралық тас жолының жанында орналасқан. Өз теміржолы және автомобиль кіреберіс жолдары бар. Сонымен қатар, электрмен жабдықтауға арналған қосалқы станциялармен, ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су қабылдағыш алаңмен, дамыған кәріз желісі, механикалық жөндеу базасы, сапаны бақылау бөлімі мен зертхана, конструкторлық-технологиялық бөлімдермен жабдықталған.
Машина жасау зауыты «Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-инновциялық колледжінің»
құрылтайшысы. Ақсукент ауылында орналасқан колледжінде болған облыс әкімі Дархан Сатыбалды оқу базасымен танысты. Колледж оқытушыларымен кездесіп, білім ошағының даму мүмкіндіктерін пысықтады.
Возможно, это изображение 1 человек, телевизор и текст
Білім ордасында жалпы білім беретін шеберханалар, зертханалар, компьютерлік және лингофон сыныптары бар. Колледж 10 бағыт бойынша мамандарды даярлайды. Атап айтқанда, талапкерлер «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Машина жасау технологиясы», «Электрмен қамтамасыз ету», «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі», «Әлеуметтік жұмыс», «Полимерлік өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша білім ала алады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу