Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

ТАҒАЙЫНДАУ!

Аудан әкімінің Өкімімен Махашбаев Бағдат Талғатұлы Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жаңа басшысы Бағдат Талғатұлының қызметіне табыс тіледі. Жүктелген тапсырмаларға немқұрайлы қарамай, ауданды кешенді дамытуға бағытталған жұмыстарды өз дәрежесінде атқаруды тапсырды.
Махашбаев Бағдат Талғатұлы 1993 жылы 1 мамырда ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2018 жылы Орталық Қазақстан Академиясын «Техника және технология» мен «Құқықану» мамандықтары бойынша бітірген.
Возможно, это изображение 1 человек, отдел новостей и текст
Еңбек жолын 2016 жылы Созақ ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің арнайы тексерудің оң қорытындысына дейін уақытша бас маманы болып бастап, 06.04.2017 жылдан бүгінге дейін Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
© Didarbek.kz

Пікір жазу