Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен сессия отырысында 12 мәселе қаралды. Олардың ішінде 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептер, мәслихаттың 2 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы, цифрландырудағы жобалар, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер бар, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 9 человек и текст
Былтыр мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,7 %, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 26,0 % , бөлшек сауда көлемі 19,8 % , құрылыс жұмыстарының көлемі 13,2 % , шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 17,6 %-ға артқан.
Цифрландыру саласында да өзгерістер көп. Астана қаласы әкімдігінің тәжірибесі негізінде жергілікті атқарушы органдардың функцияларын тоқтаусыз автоматтандыру жоспарлануда. Ал мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында бүгінгі таңда қалада 58 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге 16 жоба аяқталды.
Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Қала басшысы мегаполисті дамытуда қабылданған оң шешімдерге тоқталып, мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.
Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст
Сессияда сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев, жаңадан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бақытжан Позиловты таныстырып, төс белгісін табыстады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу