Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 01.06.2024

Шымкентте “Бір күндік клиника” – атты бірегей жобасы іске қосылды

Шымкент қаласындағы қалалық перинаталдық орталығында «Бір күндік клиника» – атты жоба іске қосылды. Енді жүктілікті жоспарлап жүрген аналар алдын ала анализ тапсырып, денсаулығын тегін тексере алады. Жобаның ерекшелігі болашақ аналар сәбидің саулығын тексеру үшін айлап, апталап медициналық зерттеудің талдауын күтпейді. «Бір күндік клиника» жобасы аясында барлық қажетті талдаудың нәтижесін 30-40 минутта білуге болады. Пилоттық жобаның ашылуына денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ СӘУЛЕ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қала әкімі Сәуле шағын ауданында бой көтерген жаңа саябақты ашты. Бірегей саябақ аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарының біріне айналады. Жалпы ауданы 2,5 гектарды құрайтын демалыс алаңына 1000-ға жуық ағаш, 13500 шаршы метр көгал отырғызылып, жарықтандыру жүйесі орнатылды. Бірнеше аймақтарға бөлінген саябақта балалар демалысына және спортпен шұғылдануға жағдайдар жасалып, воркаут алаңдар мен серуендеу ...

Толығырақ »

ӘЛЕМ БАЛАЛАРМЕН ӘДЕМІ

Баланың бақытты жүзінен артық байлық жоқ болар. Осы орайда балалар шығармашылығын дамыту, музыка арқылы мәдени танымын байыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Отанын сүюге, өз елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге баулу, жас өскінге рухани қолдау таныту мақсатында халықаралық балаларды қорғау күніне «Бақытты балғын шақ – жарқын болашақ» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева ...

Толығырақ »

Түркістандық учаскелік полицейдің тәуліктегі тынысы

«Жүргізушілер жол ережесін бұзады. Ең қарапайым қауіпсіздік белдігін тақпай, көлік басқарады. Ал құқық бұзушылықты анықтап, айыппұл салсақ, ренжиді, теріс пікір айтады. Осы ретте барлық көлік тізгіндеушілерін жол қозғалысы ережесін мұқият сақтауға шақырамын». Бұл пікірді жылдың барлық мезгілінде, тәулік бойы, облыс орталығында патрульдеу қызметін атқарып жүрген полиция сержанты Бақнұр Сарсенбекұлы білдірді. Күнделікті түрлі жағдаймен бетпе-бет келетін полиция қызметкері, жол апатының алдын ...

Толығырақ »

Балаларды қорғау  — басты назарда

1-маусым «Халықаралық балалар күні» мерекесіне орай Түркістан облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бірқатар ісшаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда: Мерекеге орай Түлкібас ауданының Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Шараға Түлкібас ауданының әкімі Н.Ізтілеуов, аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығының бастығы Т.Тұрсынқұлова, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің полиция инспекторы Н.Еламанов, учаскелік полиция инспекторлары А.Байжанисова, Г.Есенкулова, аудандық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры М.Түгербаева қатысты. ...

Толығырақ »

Полиция балаларға арнап «ашық есік» күнін өткізді

Сайрам ауданының Полиция басқармасында мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне арналған «ашық есік» күні өтті. Іс-шараға полициямен қатар Төтенше жағдай қызметі де ат салысты. Мақсат- жастарға кәсіптік бағдар беру, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ішкі істер органдары қызметкерлері жайлы оң көзқарас қалыптастыру, олардың күнделікті қызметімен таныстыру. Сондай-ақ жас достарға тапсырмаларды орындауда қандай арнайы құралдарды пайдаланатыны көрсетілді. Полицияның “102” жедел желісіне ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Балалардың жүзіне күлкі сыйлап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, мекеме аумағын аралап, балалардың жағдайымен танысты. Ал, балалар тәрбиешілермен бірге арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ән айтып, би билеп бар өнерін ортаға салды. Бүгінде орталық қызметкерлері балғындар үшін отбасылық жайлылық пен жылы ...

Толығырақ »

БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭДЕ ЕСУДЕН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер 150, 200 метр қашықтық бойынша бақ сынайды. Жалпы 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген. Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ЖАСЫНДАҒЫ АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Бүгінгі бала – ертең еліміздің тұтқасын ұстар азамат, мемлекеттің болашағы. Сондықтан болашақ иелерінің жаны мен дені сау болып өсуі аса маңызды. Шымкент қаласы “Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық аурухана базасында «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару» ресурстық орталығы ашылды. Шаһарда алғаш рет қолға алынған оқыту-әдістемелік орталықтың ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Шымкент қаласының Білім басқармасының қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, «Балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Шымкент қаласының Білім басқармасының мамандары, Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі –бала құқықтары жөніндегі уәкілі, №1, №2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының басшылары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры, Қосымша білім беру оқу ...

Толығырақ »