Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 23.09.2026

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ: ШЫМКЕНТТЕН 1300-ДЕН АСТАМ ЖАС АЗАМАТ АТТАНАДЫ

Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 1300-ден астам азаматты әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр. Науқан 1 қыркүйекте басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазір шақырылушылар медициналық тексеру мен психологиялық іріктеуден өтіп, шақыру комиссиясының қарауына жіберілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері әскерге шақыру тәртібі мен әскери қызметшілерге берілетін мүмкіндіктер туралы айтып берді. Әскерге ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР КЕҢЕЙТІЛУДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Утебаева мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің нәтижелері туралы мәлімет берді. 2026 жылы мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шараларына бюджеттен 15,4 млрд теңге қарастырылып, оның 10 млрд теңгесі игерілген. Қазіргі таңда Шымкентте 43 924 мүгедектігі бар азамат ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР АУДАНДА ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын дамытуға байланысты бірқатар аумақта газбен жабдықтау уақытша тоқтатылады. 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін Байдібек би және Төлеметов көшелерінің қиылысында, хайуанаттар бағы аумағында автомобиль жолын кеңейту және жолайрық салу жұмыстарына байланысты газ беру уақытша шектеледі. Газбен жабдықтау Тараз шағынауданының Парасат, Таңшолпан, Өркениет, Жетісу, Шаңырақ, Айшабибі, Мырзаходжаева және Байтерекова көшелерінде тоқтатылады. Солтүстік-Батыс және Шапағат-2 шағынаудандарындағы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. 1 қыркүйектен бері 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден және жеке әңгімелесуден өтуде. Биыл күзгі науқан аясында қаладан 1300-ден астам ер азаматты әскери қызметке жіберу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мәлімдеді. Әскерге шақыру ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Утебаева 2026 жылдың сегіз айында атқарылған жұмыстарды баяндап, саладағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды. 2026 жылы қалада 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Сегіз айдың қорытындысы бойынша бұл бағытқа 26 412 адам тартылып, жоспардың 84,1 пайызы орындалған. Оның ішінде 16 273 ...

Толығырақ »

«Большая стройка»: 33,5 млрд теңге выделено на строительство перинатального центра и второй ВПП аэропорта в Шымкенте

В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данных на первой сессии Курултая, Правительством принимаются меры по опережающему развитию социальной инфраструктуры в регионах. В Шымкенте реализуются проекты по строительству нового перинатального центра и второй взлетно-посадочной полосы международного аэропорта. На продолжение строительства объектов дополнительно направлено 33,5 млрд теңге, из них на объект здравоохранения – 10 млрд теңге и 23,5 млрд теңге ...

Толығырақ »

«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу жобалары жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау нысанына – 10 млрд теңге, ал екінші ұшу-қону жолағына 23,5 млрд теңге бағытталды. Шымкент қаласы қарқынды ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА МҮМКІНДІК КЕҢЕЙДІ

Шымкентте тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта өз бетінше алуға мүмкіндік беретін жаңа AI-кеңсе ашылды. Жаңа форматтағы цифрлық кеңсе еліміз бойынша бесінші болып отыр. AI-кеңсенің негізгі мақсаты – азаматтарға цифрлық сервистерді тиімді пайдалануды үйретіп, электронды мемлекеттік қызметтерді меңгеруіне қолдау көрсету. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма ...

Толығырақ »