Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

Ел тұрғындарының тыныштығын күзетіп, құқықтарын қорғап, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу, халық пен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ішкі істер органдарына мемлекет тарапынан баса назар аударылуда. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев полиция қызметі жөнінде «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі сөйлеген сөзінде: «Полиция – қоғамның өзіне деген сенімін арттыратындай етіп жұмыс істеуі керек» деген тапсырма жүктесе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Полицияның жұмысы қоғамның жіті назарында. Сіздердің қызметтеріңіз ел азаматтарының мүдделерімен және қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Бұл үшін халықпен тығыз байланыс қажет. Полицияға қойылатын негізгі талап – тиімді жұмыс. Ал, оның тиімділігін бағалаудың басты шарты – халық сенімі» деп, Елбасының бастаған құқық қорғау жүйесіндегі реформаны жалғастыруды ұсынған.

Осы мақсатта құқық қорғау органдарының жұмысын жүйелендіру, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау мақсатында жол картасы қабылданған. Жол картасында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру, ішкі істер саласында жүргізілетін жұмыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, тұрғындардың көрсетілетін қызметтер алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында полицияның халықтық кеңсесін ашу қолға алынған болатын.

Пікір жазу