Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрамда аналар аудандық форумда бас қосты

Сайрамда аналар аудандық форумда бас қосты

Бүгінде отбасы, бала тәрбиесі қоғамымыза бірінші кезекте тұрған маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, сайрамдық аналар аудандық форумда бас қосты, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Бүгін Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде «Ана. Қоғам. Отбасы» тақырыбында аудандық әйелдер форумы болып өтті.
Форумға аудандық аналар кеңесінің мүшелері, түрлі этнос өкілдерінің аналары мен әйел-қыздары, Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының мамандары, аудандық этномәдени бірлестіктердің төрайымдары, ішкі саясат бөлімінің мамандары, ауданның бас имамы, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының мамандары және аудандық білім бөлімінің психолог, социолог әдіскерлері, мектеп директорлары мен мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шарада аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ү.Мұратбекова «Ұрпақ тәрбиесі — ұлттың болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар жастардың тәрбиесі, жас отбасылар арасындағы мәселелер, отбасылық қатынастар, отбасылық- тұрмыстық даулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың алдын алу мәселелерін кеңінен талқылады.

Пікір жазу